• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 21:16:36
Алматы
+35°

18 Сәуір, 2019 Әлеумет

Үйіңіздегі кедейліктің белгілерін білесіз бе?

Бұл үрдіс сізді автоматты түрде екінші санатқа ысырып тастайды.

Адамның ахуалы қалыптасқан дағды бойынша үстіндегі киімі, астындағы көлігі, қолындағы смартфоны және үй-жайы секілді дүниелерге қарап бағаланады.

Мәселен, үй ішіндегі жағдай, жинақылық, жиһаздардың неесе түрлі тұрмыстық заттардың орналасу тәртібі оның қожайыны хақында біршама нәрсені айтып береді.  Мысалы, тоңазтқыштағы магниттер қожайынның саяхатты сүйетінін, үстел үстінде парақтардың бұрқырап жатуы шығармашылық адамы екенін, жұмсақ ойыншықтар оның нәзік жанды екенін, аппақ төсеніш пен мамық жиһаздар ауқатты екенін байқатады.

Біз үй ішінің, қожайынның кедейлік сипатын көрсететін 5 қағиданы атайық. Әрі қарай оқыңыз.

  1. Атақты картиналардың көшірмесі

Қанша атақты болғанымен, кез-келген дүниенің көшірмесі көшірме дәрежесінде қалмақ. Ал сіздің төсегіңіздің немесе жұмыс үстеліңіздің жоғары жағында жиегінде «қарағайлы көлдегі таң шапағы» картинасы алтын жалатқан жақтаудың ішінде тұрса, сіздің байлыққа ұмтылатыныңыз көрініс береді.

Байлардың әдетінше, көшірме дүниелерді пайдаланбауға тырысқаныңыз жөн. Бұл үрдіс сізді автоматты түрде екінші санатқа ысырып тастайды.

  1. Ескі әрі жайсыз төсек

Кез-келген іскер адамның ойына үздік жобалар, батыл шешімдер сүйікті төсегінде жатқанда келеді. Жайлы әрі әдемі кереует – сіз үшін маңызды дүние.

Егер кереуетіңіз әкеден мұра болып қалған немесе қандай да бір себептермен сіз үшін маңызы бар ескі төсек болса, ол да мәселе емес. Әдемі әрі қымбат көрінетін жабу жасатып, жұмсақ төсеніштер төсесеңіз жеткілікті.

Ескі төсек-орынның үйге сән бермейтіні бір себеп болса, екінші себеп – мұндай кереуетте жату денсаулыққа айтарлықтай зиян әкеледі.

  1. Сынық немесе ескірген ыдыс-аяқ

Кедейлікке бейім болатын адамның бір қасиеті – қимастық, сараңдық. Егер сіз ас ішетін табақшаның жиегіне алтын жалатылған болып, бірақ оның шеті кертілген немесе кішкене сынығы көрініп тұрса, қоқысқа тастағаныңыз жөн. Сондай-ақ, іші қарайға кесе, тот басқан қасық дегендей дүниелерді сақтаудың мәні жоқ.

  1. Лас немесе қолданылмайтын заттарға толы балкон

Балкон – адамдардың көпшілігінде ой жинақтап, миына демалыс сыйлайтын орын. Оның іші қапшыққа түйілген ескі-құсқы заттарға, киілмейтін аяқ киімдер мен қолданылмайтын мүліктерге толы болса, сіз одан ләззат ала алмайсыз.

Бай адамдар дағдысында балконда кофе ішетін үстел немесе кішігірім жарықсүйгіш гүлдер орналасады.

  1. Lux класындағы техникалар

Біздің қоғамда ескі үлгідегі қабырғаға соңғы модельдегі теледидар ілу, қолға смартфонның қымбатын ұстау үрдісі қалыптасқан. Қазақта «Тең теңімен, тезек қабымен» деген сөз бар. Жан-жағыңыз техникаңызға сай болмаса, ол ешқандай кереметтің көрінісі емес.

Бұл көрініс сіздің несие алғыш қасиетіңізді, тірнектеп жинайтыныңызды айғақтайды.

Келген қонағыңыздың таңдайын қақтырып, жайлылық сыйлағыңыз келсе, үйіңізден демалғыңыз келсе, біз ұсынған құлаққағыстарға назар аударыңыз.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір