25Қыркүйек

Үйін су алған отбасы: Бастан кешкен сұмдықты сөзбен жеткізу мүмкін емес

Үйін су алған отбасы: Бастан кешкен сұмдықты сөзбен жеткізу мүмкін емес
ⒸAltaynews.kz

«...Кенеттен су қақпамыздың есігін жұлып әкетіп, үйге кірді. Сондағы қорыққанымыз әлі есімнен кетпейді. Терезені шағып сыртқа шықтық. Отбасымызбен қауіпсіз жерге көшірілгенде судың арғы бетінде туған-туыстарым мен көршілерім көмек күтіп тұрды. Оларды бізге қарай жеткізгенше... (көзіне жас алды). Енді қалай болғанын тіпті сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Сұмдық жағдай! Есеңгіреп қалдық...».

Бұл – табиғат апатын суреттейтін шытырман оқиғалы голливудтық фильмнің сценарийі емес, ШҚО-дағы Аягөз қаласының тұрғыны Айгүл Өнебаеваның сөзі. Өнебаевтармен қоса көптеген отбасы бірер сағаттың ішінде барлық дүние-мүлкінен айырылды.

«Апатты жағдайға табиғат емес, соған жауапты лауазымды тұлғалар кінәлі»

ШҚО-дағы Ұлан, Аягөз, Глубокое, Зырян аудандары мен Риддер қаласында екі күн бойы толассыз жауған қар аралас жаңбырдың салдарынан қаланың бірқатар ауданын су басқан. Оған қоса, апаттан Красин кентіндегі Кожедуб және Пушкин көшелері бойында орналасқан төрт үйдің тұрғындары зардап шекті. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұл жағдайға осы маңдағы арық арнасының уақтылы тазаланбауы себеп болған. Нәтижесінде, арық суы арнасынан асып, іргедегі аулаларды 40 сантиметрлік су басқан.

ШҚО әкімі Даниал Ахметов Өскемен қаласының су басқан аудандарында болып, табиғи апаттан зардап шеккен тұрғындармен кездескенде апатты жағдайға табиғатты емес, соған жауапты лауазымды тұлғаларды кінәлаған еді. Әкім төтенше жағдайлар департаменті мен қала әкімдігінің жұмысын қатаң сынға алды. 

- Былтыр сіздерге қомақты қаражат бөліп, қажетті техника алуға көмектескенбіз. Сол техника қайда, неге пайдаланбайсыздар? Жалпы мұндай ахуалдың қалыптасуына табиғат емес, өз міндеттеріне салғырт қараған кей лауазымды тұлғалар кінәлі, - деді әкім.

Жыл сайын көктемде су деңгейі көтерілсе де, апатты жағдайдың алдын алу жұмыстары өз деңгейінде жүргізілмейді немесе мүлде жүргізілмейді. Жауапты мекемелер қолдарын мезгілінен кеш сермеп, жағдай ушыққанда ғана қимылдай бастайды. Ал халықтың қауіпсіздігі үшін берілген техника кәдеге жаратылмайды. Зардабын қарапайым халық көреді. Нәтижесі белгілі – қираған үйлер, мүлкінен айырылып, далада қалған халық.

Үйлерін топан су шайып өткен тұрғындардың кейбірі туған-туыстарының үйін паналаса, кейбірі жергілікті интернатта тұрып жатыр.  

- Бізді Аягөздегі № 6 интернатқа әкелді. Қазір екі балам, жолдасым және мен сонда тұрып жатырмыз. Бізбен қатар 50 адам сол интернатта. Мұнда үш мезгіл тамағымызды береді. Жатар орнымыз тегін. Жуынатын жеріміз бар. Киімді жанашыр халық әкеліп жатыр. №6 интернаттың ұжымына ризамыз. Алғысымызды айтып жатырмыз, - дейді су тасқынынан зардап шеккен Аягөз қаласының тұрғыны Айгүл Өнебаева.

Қазір ШҚО-дағы топан судан зардап шеккендерге әркім қолынан келгенше көмектесіп жатыр. Бірі киім-кешек, енді бірі бұзылмайтын тағам мен гигиеналық заттар әкеп жатыр. Зардап шеккендерге «Нұр Отан» партиясы да қол ұшын созған.

«Нұр Отан» партиясы ШҚО филиалы жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы Маржан Бақытқызының айтуынша, халыққа жәрдемдесу ісіне жеке кәсіпкерлер тартылып жатыр.

- Билік қандай көмек көрсетеді деп қарап отырмай, жалпы халық болып атсалысуымыз керек. Сол үшін облыстық «Нұр Отан» партиясының қолдауымен «Жас Отан» жастар қанаты гуманитарлық пунктерді ашу туралы бастама көтерді. Су алған қала, ауыл, аудандарға жәрдемдесу мақсатында облыс бойынша 5 пункт ашылды. Оның барлығы «Нұр Отан» партиясының ғимаратында орналасқан, - деді Маржан Бақытқызы.

Аталған қабылдау нүктелері мына мекенжайларда орналасқан:

Өскемен қ., «Нұр Отан» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалының ғимараты, Қ.Қайсенов көш., 121;

Өскемен қ., «Жас Отан» Жастар қанатының қалалық бөлімі, Әуезов көш., 5;

Өскемен қ., Облыстық жастар орталығы, Потанин көш., 37;

Семей қ., «Нұр Отан» партиясы қалалық филиалының ғимараты, Шайжүнісов көш., 138;

Аягөз қ., «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ғимараты, Х.Дүйсенов көш., 104.

Маржан Бақытқызының сөзінше, БҚО, Ақтөбе, Маңғыстау облыстарында да гуманиарлық көмек көрсету бекеттері ашылған. Осы өңірлерде жиналған жылу ШҚО-ға жіберіледі. Оны мұқтаж жандарға жеткізуді «Жас Отан» жастар қанаты мойнына алған.

-Біз үшін әрбір көмек өте маңызды. 24 сағат бойы адамдар хабарласып: «Нешеге дейін жұмыс істейсіздер? Біз киім, тағам алып келейін деп едік», - деп хабарласып жатады. Бұдан бөлек кәсіпкерлермен де байланысқа шықтық. Бір кәсіпкер 20 литр май беретінін айтты. Бір кісі ұнмен қамтамасыз етемін деп отыр. Сонымен қатар төтенше жағдайлар департаментімен бірігіп, ер адамдардан құралған еріктілер бар, «Жас Отанның» белсенді мүшелері бар – бәріміз қосылып арықтарды тазаламақпыз, - деді «Жас Отан» Жастар қанатының төрағасы.

 «Екі сағаттың ішінде быт шытымызды шығарды»

Аягөз тұрғыны Айгүл Өнебаеваның үйін су басып, комиссия тұруға жарамсыз деп тапқан. Ол су тасқыны қалай болғанын айтып берді.

- 10 наурызда кешке таман су ақырын-ақырын келіп жатты. 11 наурызда таңертең су дейгейі біршама көтерілді. Түске қарай, сағат 13:30 шамасында су қақпамызды бұзып, үйге кірді. Екі сағаттың ішінде быт-шытымызды шығарды. Дүние-мүлкіміздің бәрі кетті. Бала-шағамызбен құжаттарымызды алып терезеден әрең шықтық, - деді Айгүл Өнебаева.

Аягөз өзенінің суы он есе көбейіп, арнасынан асқан соң аудан орталығындағы үш көпірді қиратып, 148 үй су астында қалды. Ауданда табиғи апатқа байланысты төтенше жағдай жарияланып, зардап шеккен үйлердің тұрғындары дереу қауіпсіз жерге көшірілген болатын. Суда қалған 148 үйдің 8-і құлаған. 10 үй әне-міне қирағалы тұр. Алайда ШҚО әкімі алдағы күндері бұл санның еселеніп өсуі мүмкін екенін жасырмайды.

Айгүл Өнебаева тұратын көшеде 60 үйді су басты. Оның айтуынша, былтыр да көктемде су деңгейі көтерілген, бірақ көп ұзамай тартылған.

- Былтыр су есіктің алдына дейін келді де, қайта шегінді. Біз соған сеніп қалдық. Биыл жағдай ушығатынын білген жоқпыз. Су үйдің табалдырығына жеткенде әкімдік ешқандай әрекет жасамады. Оларға ешкім айтқан да жоқ. Су әбден жайылған соң барып әкімдер мен өрт сөндірушілер келді. Су көтерілгенде терезені шағып, бірінші балаларды далаға шығардық. Жолдасымның апайы үш баласымен «су басып жатыр» деген хабарды естіп, көмекке келді. Ол кісілер әскери қызметте істейді. Бізді үйден шығарып, жолдың арғы бетіне көлікпен өткізіп жіберді. Өздері тауға шығып жағдайды бақылады, сол жерден видеоға түсірді. Біз қалай өттік, су деңгейі солай көтеріліп, ашық тұрған жолдың барлығын су басты. Тіпті, бізге көмектескен туыстарымыздың өзі судың арғы бетіне өте алмай қалды. Кейіннен олар катамаран секілді әскери көлікпен өтті. Құдды бір кинодағыдай болды. Шошып кеттік. Біз судың бір жағында, туыстарымыз екінші жағында. Оларды біз жақа, қауіпсіз жерге көшіргенше... Енді қалай болғанын тіпті сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Сұмдық жағдай! Есеңгіреп қалдық, - деп көз жасына ерік берді Айгүл апай.

Аягөз қаласының кейбір тұрғындары интернатқа орналастырылғаннан кейін жедел жәрдем келіпті. Дәрігерлер тұрғындардың қан қысымын тексеріп, тыныштандыруға тырысқан.

Күндіз тасыған су кешкі сағат 7-8 шамасында қайта тартылған. Төрт баланың анасы Айгүл Өнебаева үйінің адам танымастай өзгергенін айтады.

- Барлық дүние-мүлкіміз, киімдеріміз жарамсыз болып қалған. Су күшінің қатты болғаны соншалық, есікті жұлып әкеткен, пешті шайып кеткен. Тұсқағаз ғана тұр. Оның өзі қол тиіп кетсе, жыртылып жатыр. Қабырға жарылып кеткен. Тұруға мүлде келмейді, - дейді Аягөз тұрғыны.

«Аягөздің бірде-бір тұрғыны назардан тыс қалмайды»

ШҚО әкімі Даниал Ахметовтың топан судан зардап шеккендермен кездесу барысында халыққа біраз уәде берді.

- Баспанасы жарамсыз болып қалған отбасыларға осы қаладан үй сатып алып береміз. Қазіргі таңда Аягөзде 15 үй сатылады деген ақпарат берді маған. Соның бәрін сатып аламыз. Одан кейін орталықта 60 пәтерлі жаңа үй бой көтеріп жатыр. Сол жерден пәтер береміз. Ешкім баспанасыз қалмайды, - деді әкім.

Даниял Ахметовтің бұл сөзіне аягөздіктер бір желпініп қалды. Әйтсе де үміт пен күдік итжығыс түсіп тұрған жайы бар. Көзбен көріп, қолмен ұстамаған соң кейбір тұрғындардың әлі де көңілі күпті. Ал Айгүл Өнебаева жақсылықтан күдер үзбей, әкімнің азаматтық сөзіне сеніп отыр.

- Кеше ШҚО әкімі Даниал Ахметов біз уақытша тұрып жатқан интернатқа келді. Ол кісі: «Топан судан зардап шеккендерді баспанамен қамтамасыз етеміз», - деп уәдесін берді. 50 миллион теңге бөлінгенін айтты. «Үй берілгенше интернатта жатасыздар. Барлығыңызға баспана алып береміз, алаңдамаңыздар. Бір-екі күннен кейін Аягөзде құрылыс жұмыстары басталатын айтыпты. Қазірдің өзінде 60 адамға арналған үй салынып жатыр», - деп жүрегімізді орнына түсіріп қойды, - дейді Айгүл Өнебаева.

Айта кетейік, Аягөзге облыстық «Парыз» қорынан 50 миллион теңге жолданады. Аталған қаражат күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелерді, атап айтқанда көмір, азық-түлік, киім-кешек сияқты тұрмыстық жағдайды шешуге жұмсалады.

Су тасқынынан зардап шеккен Аягөз қаласының тұрғындарына мына есепшот арқылы қаржылай көмек көрсетуге болады:

«Болашақ Аягөз» ҚҚ

БИН 110740000641

БИК KZKOKZKX

КБЕ 18

Ағымдағы есепшот нөмірі KZ279260301178000004 KZT «Казкоммерцбанк» АҚ бөлімшесі.

ШҚО тұрғындары гуманитарлы көмек бойынша 87076046611 нөмеріне хабарласа алады.

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


  • 6 ай бұрын

    Үйін су шайып кеткен отбасыларға әрине оңай емес. Қазақ үшін жалғыз баспанасынан айырылу үлкен трагедия. Десе де ел болып көмектесіп жатыр.

    • 6 ай бұрын

      Аxметов үй алып береміз деп жатыр ғой. Сенейік. Аягөзде аса қымбатта емес шығар үй.

      • 6 ай бұрын

        Жағдай реттеледі. Халыққа барынша сабырлы болу керек. Бастысы адам Аман.

        1
        Алматының орталық бөлігіндегі көшелер қайта жаңғырады
        24/09 17:28 0 1912
        2
        "Жомарт Ертаев отбасыңмен бірге бауыздап тастаймын деп қорқытты" - Евгений Пак
        24/09 15:51 0 1540
        3
        Альварес Головкиннің жеңісін мойындады
        24/09 15:12 0 4504
        9 қабаттан секірмекші болған астаналық аман қалды
        24/09 14:49 0 702
        Алматы мектептерінде Ерлік сабағы өткізілуде
        24/09 14:40 0 1060

        Таныстырылғандар

        Некелеспеген ер мен әйел бірге билесе, онда ол той халал емес...
        Некелеспеген ер мен әйел бірге билесе, онда ол той халал емес...
        Некелеспеген ер мен әйел бірге билесе, онда ол той халал емес...
        Бұдан бөлек біздің тойдағы көңіл көтеруді де ескерген жөн. Біздегі тойларда музыка қойылып, ән айтылады, жастар шығып би билейді.
        29/08/2018 00:26 0 5512
        ҚМДБ: 61191 отбасына 439 тонна құрбандық еті таратылды
        ҚМДБ: 61191 отбасына 439 тонна құрбандық еті таратылды
        ҚМДБ: 61191 отбасына 439 тонна құрбандық еті таратылды
        "Құрбан айтта қуандыр" атты қайырымдылық акциясына еліміз бойынша 2 мыңнан астам мешіт үлес қосты.
        29/08/2018 11:21 0 934
        Өгей әкесінің тепкісін көрген 20 жастағы Айсұлу күйеуге шығуды армандамайды
        Өгей әкесінің тепкісін көрген 20 жастағы Айсұлу күйеуге шығуды армандамайды
        Өгей әкесінің тепкісін көрген 20 жастағы Айсұлу күйеуге шығуды армандамайды
        «күйеуге шығамын, бақытты боламын» деп ақ көйлек киетін тойды аңсамайды.
        29/08/2018 15:37 0 3539
        Қаңғыбастың айтқаны жан-тәнімді күйзелтті
        Қаңғыбастың айтқаны жан-тәнімді күйзелтті
        Қаңғыбастың айтқаны жан-тәнімді күйзелтті
        Қаңғыбастан бұлайша сұрақ күтпеген мен, не дерімді білмей аңтарылып қалдым.
        01/09/2018 10:54 1 4090
        Танымал айтыскер 44 жасында қайтыс болды
        Танымал айтыскер 44 жасында қайтыс болды
        Танымал айтыскер 44 жасында қайтыс болды
        Бұл туралы айтыскер Балғынбек Имаш өзінің инстаграм парақшасына жариялады.
        01/09/2018 12:55 1 15923
        Қазақтың ризық-несібесін шашу осылай басталған
        Қазақтың ризық-несібесін шашу осылай басталған
        Қазақтың ризық-несібесін шашу осылай басталған
        Әрине, әуелі өзімнің Олжас Сүлейменовты тұлға ретінде құрметтейтінімді айта кеткім келеді. Әрине, оның ядролық қаруға тыйым салу, Семейдегі ...
        03/09/2018 16:21 0 2984
        «Өзім жетім болсам да, тілім жетімсіремесін» деген Мұқағалидың қолынан қамшы түспесін дейік
        «Өзім жетім болсам да, тілім жетімсіремесін» деген Мұқағалидың қолынан қамшы түспесін дейік
        «Өзім жетім болсам да, тілім жетімсіремесін» деген Мұқағалидың қолынан қамшы түспесін дейік
        «Ауруханадағы жеңіс менікі емес, халықтыкі», - деген жігіт өзін қолдаған барша қазақстандықтарға алғыс білдірді.
        04/09/2018 11:55 0 2354
        Атыраулық ата-аналар сүйіншілерін дайындай берсін
        Атыраулық ата-аналар сүйіншілерін дайындай берсін
        Атыраулық ата-аналар сүйіншілерін дайындай берсін
        2018 жылғы 5 қыркүйектен бастап Атырауда garden.atyrau.gov.kz сайты жұмыс жасай бастады.
        06/09/2018 17:28 1 1246
        Ауылда жүр талай имам айлықсыз қызмет ететін
        Ауылда жүр талай имам айлықсыз қызмет ететін
        Ауылда жүр талай имам айлықсыз қызмет ететін
        «Қазақстан қажылық қоры» есебінен 100 имамға 50 мың теңге көлемінде жалақы берілетін болды
        12/09/2018 15:56 0 1875
        Қайық мінген екеуін сот жақтады
        Қайық мінген екеуін сот жақтады
        Қайық мінген екеуін сот жақтады
        Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 434-бабына сәйкес хаттама толтырған бойда екеуіне 5 АЕК (әрбіріне 12 мың 025 теңге) айыппұл салған еді.
        14/09/2018 13:43 0 860
        Алматыда өгей әкесінен қорлық көрген жасөспірім қыз қорада түнеп, малмен бірге ас ішкен
        Алматыда өгей әкесінен қорлық көрген жасөспірім қыз қорада түнеп, малмен бірге ас ішкен
        Алматыда өгей әкесінен қорлық көрген жасөспірім қыз қорада түнеп, малмен бірге ас ішкен
        12 жастағы қыз мемлекет қамқорына өтуі мүмкін.
        14/09/2018 15:48 0 1615
        Өлімге асығып тұрамын... (Ермұхан атаның айтқаны)
        Өлімге асығып тұрамын... (Ермұхан атаның айтқаны)
        Өлімге асығып тұрамын... (Ермұхан атаның айтқаны)
        Сұмдық-ай, күйеуінің әке-шешесін сыйламаған келіннің, соңынан еріп ата-анасынан безген баланың ана дүниеде жазасы болар.
        17/09/2018 13:47 0 3199
        "Халық банк" салық банкке айналғалы қай заман...
        "Халық банк" салық банкке айналғалы қай заман...
        "Халық банк" салық банкке айналғалы қай заман...
        "Халық Банктегі" бедірейген менеджерден сақта, кекірейген бөлім бастығынан сақта, қозғалмайтын кезектен сақта, картаңды қағар есептен сақта!"
        18/09/2018 14:51 3 6097
        "Абайдың басы күл-қоқыстың арасында жатыр. Сатып алатын жан бар ма?"
        "Абайдың басы күл-қоқыстың арасында жатыр. Сатып алатын жан бар ма?"
        "Абайдың басы күл-қоқыстың арасында жатыр. Сатып алатын жан бар ма?"
        Қалай болғанда да тұтас бір ұлттың рухани көсеміне айналған ұлы Абайдың бұлайша қорлануына жол бермеуіміз керек қой.
        20/09/2018 13:38 0 3460
        Үлкенге қол көтерген Түркия азаматы кешірім сұрады (видео)
        Үлкенге қол көтерген Түркия азаматы кешірім сұрады (видео)
        Үлкенге қол көтерген Түркия азаматы кешірім сұрады (видео)
        Әлеуметтік желіде жедел жәрдем жүргізушісіне қол көтерген Түркия азаматының кешірім сұраған видеосы таралды
        21/09/2018 11:55 0 2253