• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 05:05:33
Алматы
+35°

13 Наурыз, 2018 Әлеумет

Үйі су астында қалған бала: Жөндеп аламыз, иә, әке? (видео)

ШҚО-да үйін су басқан баланың әкесіне айтқан сөздері халықтың жүрегін елжіретті.

ШҚО-дағы Аягөз қаласында үйін су басқан баланың әкесіне айтқан сөздері халықтың жүрегін елжіретті. «Ештеңе етпейді, әке, жөндеп аламыз, иә?», - деп әкесін жұбатпақ болған баланың видеосын  Instagram желісіндегі oskemenlive парақшасы жариялады.

 

Аягоз #oskemenlive #устькаменогорск

A post shared by ?? Усть-Каменогорск|Oskemen (@oskemenlive) on

Айта кетейік, облыс орталығында екі күн бойы толассыз жауған қар аралас жаңбырдың салдарынан қаланың бірқатар ауданы мен көшелерін су басқан. Соның салдарынан Өскемен қаласынан бөлек, Ұлан, Аягөз, Глубокое, Зырян аудандары мен Риддер қаласында бірнеше үйді су алды. Бұған қоса, апаттан Красин кентіндегі Кожедуб және Пушкин көшелері бойында орналасқан төрт үйдің тұрғындары зардап шекті. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, мұндай жағдайдың орын алуына осы маңдағы арық арнасының жөнді әрі уақтылы тазаланбауы себеп болған. Нәтижесінде арық суы арнасынан асып, іргедегі аулалар 40 сантиметрлік су астында қалған. 

Күні кеше облыс әкімі Даниал Ахметов Өскемен қаласының су басқан аудандарында болып, табиғи апаттан зардап шеккен тұрғындармен кездесіп қайтқан болатын.  Аймақ басшысы шаһардың іргесіндегі Красин кенті мен Аблакетка ықшамаудандарында қарғын су басқан жеке үйлердің тұрғындарымен жолығып, хал-жағдайын біліп қайтты. Апатты жағдайға табиғатты емес, соған жауапты лауазымды тұлғаларды кінәлаған еді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір