• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 10:19:57
Алматы
+35°

13 Қыркүйек, 2016 Саясат

Ұйғыр сепаратизмі және ұлттық қауіпсіздік

6 қыркүйек күні Қырғыз Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бішкектегі Қытай елшілігі алдында тамыз айының соңында болған жарылысты ұйымдастырушылар...

6 қыркүйек күні Қырғыз Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Бішкектегі Қытай елшілігі алдында тамыз айының соңында болған жарылысты ұйымдастырушылар ұйғыр террорлық топтары екендігін мәлімдеді. Ұйғыр террористік тобы мүшелерінің аттары да аталды, - деп хабарлайды Qamshy.kz.

30 тамызда Бішкектегі Қытай елшілігі алдында өзін жарып жіберген жанкешті тәжік паспортына ие ұйғыр азаматы. Бұл ұйғыр сепаратистерінің Қытайдан шет жердегі қытай мекемесіне алғашқы шабуылы. Көптеген ұйғыр сепаратистер Сириядағы қақтығыстарға қатысуда. Егер олар посткеңестіктегі Орта Азия республикалары жерінде Қытаймен соғысуға бел шешіп кіріссе, бұл аймақта тұрақсыздыққа әкеп соғуы мүмкін.

Ұйғыр терроризмі мен сепаратизмінің қаупі туралы GAZETA.RU шолушысы Александр Рыбин өз сараптамасында ұйғырлар мәселесінің қиындығы сонда, бұл Орта Азиядағы өз мемлекеті жоқ ірі ел екендігін айтады. Ұйғырлардың басым бөлігі (10 млн) Қытайда тұрады. Қазақстанды 200 мың ұйғыр ұлтының өкілі мекендейді. Қырғыз жерінде 50 мың.

Бішкектегі террорлық оқиғадан кейін Қытайдың Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Хуа Чуньин ұйғырлардың Шығыс Түркістан Ислам қозғалысы тікелей Қытайға ғана емес, Сирияға және Орта Азия мемлекеттеріне үлкен қауіп төндіріп отырғандығын атап көрсетті. Бұл қозғалыс осыған дейін 200 террорлық оқиғаны өз мойнына алыпты. Ұйғыр террористері жасаған шабуылдан жүздеген адам көз жұмған. 1993 жылы құрылған Шығыс Түркістан Ислам қозғалысының «Талибан» және «Аль-Каидамен» байланысы болуы мүмкін.

2008 жылы Синьхуа агенттігі ұйғыр террористерінің тізімін жариялады. Ұйым мүшелері Қытайдың әртүрлі аймақтарында көптеген террорлық шабуылдар жасаумен келеді. Бұл қозғалысты БҰҰ, Еуропалық Одақ, АҚШ-тың мемлекеттік департаменті, Қырғыз Республикасы, Ауғанстан мен Қазақстан мемлекеттердің тұтастығына қауіп төндіретін террорлық ұйым ретінде таниды.

Дана Қамшыбек

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір