"Үйде Ақтөс деген итіміз бар деп айтпадың ба? Кірісіміз көбейе түсер еді"

"Үйде Ақтөс деген итіміз бар деп айтпадың ба? Кірісіміз көбейе түсер еді"
Ⓒqamshy.kz

Биыл қыс ерте түсіп, қалада жеке жұмыс берушілерде, кімдерге бұйыратыны белгісіз көпқабатты сансыз үйлердің кірпішін қалап, отбасын асырап жүрген Мұқыш жұмыссыз қалды. Ауылдағы бес баласына алатын жәрдемақы, әйелінің айтуынша, бір қап ұн мен бір баллон газ алуға және жарықтың ақшасын төлеуге ептеп-септеп жетеді екен. Бұған да шүкір. Бүгін таңғы ас кезінде әйелі бір әңгіменің шетін шығарды.

-  Ана Түкеш бар ғой, соның әйелі «көп балалы» дегеннен өзге тағы да төрт баласына жәрдемақы алады екен.

- Иә, сонымен?

-  Мен де құжаттарды жинап, сол жәрдемақыны жасатып көрсем қалай болады? Ең болмаса күн жылынып, сенің жұмысың қайта басталғанша бір себеп болар? – деді күйеуіне сұраулы жүзбен қарап.

- Әй, ол үшін мал басын есептейді деп еді…бізге шыға қояр ма екен? – деп Мұқыш сенімсіздеу жүзбен әйеліне қарады.

-  Түкештердің бес сиыр, жиырма шақты қой-ешкісі бар ғой. Сонда да алады. Оларға қарағанда бізде мал басы аз ғой.

Сонымен не керек, осы әңгіменің жетегімен Мұқыштың әйелі үйдегі құжаттарын алып, кеңсе жаққа тартып кетті. Кеңсеге келген соң, 1анаған жолық, мынаған жолық1 деумен ақыры, бір жас жігіттің алдына келіп, жұмысын айтты.

- Қарағым, мен бұрын алып көрмеген едім. Бірақ көрші әйелдерден естуімше, балаларға қосымша жәрдемақы беріледі екен. Күйеуім уақытша жұмыссыз қалды. Енді күн жылынғанша, мүмкін болса, сол көмекті алсам ба деп едім,- деп жас қыздай ұялып, терлеп кетті. Біреуден қарыз сұрап тұрғандай қысылды, тіпті.

Жас жігіт алдындағы тетіктерін тарсылдата басып отырған компьютерден көзін алмастан,

- Әрине, апай, ондай жәрдемақы бар,-деп асығыс жауап берді.

- Онда, жақсы болды. Қандай құжаттар жинауым керек?- деп мәселенің оңай шешілгеніне қуанған әйел сөмкесінен құжаттарын шығара бастады.

Сол кезде ғана жас жігіт әйелге жаңа көргендей аңтарыла қарап:

-  Апай, тұра тұрыңыз. Әуелі кірісті есептеп алу керек.

- Е, онысы бар ма еді? - деп Мұқыштың әйелі қағаздарын қайтадан жылы орнына салып қойды.

- Күйеуім жұмыссыз дедіңіз, иә?

- Енді уақытша ғана ғой, – деп байқұс әйел «жұмыссыз» деген сөзге жерге кірердей ұялып кетті. Бұрын ешкімге «жұмыссызбыз» деп көмек сұрап келмеген екен. Өзі де, Мұқыш та.

- Онда күйеуіңізге пәленбай мың кіріс жазамыз, - деп жігіт алдындағы ақ параққа екі орынды санға үш нөлді тіркеп жазып қойды. Мұқыштың әйелі шошып кетті.

-  Ойбай-ау, мен оны жұмыссыз қалды деп тұрмын ғой. Пәленбай мың кіріс жазғаның не?

- Апай, ақша таппайтын еркек жоқ. Кем дегенде осындай кіріс жазуымыз керек. Жарайды, ары қарай, балаларыңыз нешеде?

-  Үлкені жетінші сыныпты, кішісі даярлық сыныбында.

-  Онда сізге пәленбай мың кіріс, - деп бір орынды санға тағы да үш нөлді тіркей салды. Мұны көрген әйел тіпті шошып кетті.

- Қарағым-ау, мұның не? Мен мұндай кіріс кіргізсем, сендерге келемін бе?

- Апай, кешіріңіз, солай жазуым керек. 1Көршінің баласын түске дейін қарап беріп, ақша аламын немесе нәски тоқып сатамын1 дейсіз бе, әйтеуір, бірнәрсе істеуіңіз керек.

- Ауылда көршінің баласын бір ай қарап берсе де, ақша алған қай қазақты көріп едің?-деп ашуланып қалды Мұқыштың әйелі. Істемеген ісін қалай істедім деп жазсын?

-   Апай, түсініңізші, солай жазуым керек. Ал енді үйде малдарыңыз, үй құстары, бақша бар ма? Соны айтыңызшы? - деп жас жігіт тағы да қағазына үңіліп, жазуға ыңғайланды.

-  Бір сиыр, бес қой. Құстан екі тауық, бір қораз. Есік алдында шағын бақшамыз бар, -деп Мұқыштың әйелі малының санына жете алмағандай кібіртіктей жауап қатты.

- Бір сиырға пәленбай мың, бес қойдың әрқайсысына пәленбай жүзден, бақшадан түскен өнімге пәленбай мың, тауықтың жұмыртқасына пәленбай мың, - деп, суырмадан суырып алған бір бума қағазына қарап сартылдатып екі орынды, бір орынды сандарға нөлдерді тіркеп жатыр. Қолы әбден кіріс есептеп машықтанғаны көрініп тұр. Мұқыштың әйелі сасайын деді. Тіпті ұяла бастады. Осынша кіріс кіріп тұрып, мұнда келгенін естісе, көршілері "қанағаттарың қайда?" деп бетіне басатын болды-ау! Сонда да көкейіндегі сұрақты қойып қалды.

- Сонда мына кірісті мал мен бақша қалай кіргізіп жатыр. Соны түсінбей тұрмын, қарағым.

- Түсінбейтін несі бар? Сиыр деген сүтті жануар ғой. Сүтін сауып, күніне екі литрін өздеріңіз ішсеңіздер, сегіз литрін сатыңыздар. Ал қойды, ай сайын жүнін қырқып сатыңыздар. Ал өзін ай сайын базарға шығарып немесе сойып, етінен қаржы жасаңыздар. Ал тауық деген нағыз жұмыртқа фабрикасы ғой. Бір айда екі тауық 60 жұмыртқа туады. Соны сатып, шәй пұлыңызды шығарасыз. Бақшадан алған бес қап картопты да базарға шығарып сатсаңыз, әжептәуір пұл болады. Жас жігіт бастырмалатып, сату-сату деп кетіп еді, Мұқыштың әйелі қатты састы. Ұялғанынан қалай бөлмеден атып шығып, көрші әйелдердің бірі көріп қоймасын деп, үйіне қалай жеткенін аңғармай қалды. Іштей өз-өзін жазғырып келеді: «Құдайым-ау қайдан келдім? Осынша қаражатымыз бар екен. Соған шүкір етуіміз керек еді ғой. Ұят-ай!» Үйіне келе сала Мұқышқа кеңседегі барлық жайды жайып салды. "Бекер бардым, неге мені тоқтатпадың?" деп, күйеуін жазғырды.

Әйелінің әңгімесін естіген Мұқыш мырс етіп бір күлді.

- Әй, аңқауым-ай! Сені әбден қатырыпты ғой! Өзің ойлашы, сиырыңнан қанша сүт аласың? Не, жыл он екі ай сүт саулап тоқтамайтын ба еді? Бір қойды ай сайын базарға апарып сатып, байыған қай қазақты көрдің? Сонда не, бәрін сатып, екі қолымызды мұрнымызға тығып отырайық па? Бұлар енді күн жылынса, үйге кірген шыбын мен қоймадағы тышқанға да кіріс жазар. Үйде Ақтөс деген итіміз бар деп айтпадың ба? Кірісіміз көбейе түсер еді, - деп Мұқыш қолын бір сілтеді.

- Ауызды жаратқан Құдай, нәпақасыз қалдырмас. Ертең қала жаққа барып, жұмыс қарастырып көремін тағы да. Киімдерімді дайындап қойшы, – деп Мұқыш кімге күлерін білмей, орнынан тұрып тысқа шығып кетті. Ал әйелі болса, түк түсінбей, көзін жыпылықтата берді.

Мира Сембайқызы

Ұсынған: Мақпал Сембай

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


    1
    Мәулен Әшімбаев Жамбыл облысында жол апатынан қаза тапқандарға көңіл айтты
    20/04 14:08 0 376
    2
    Алматы-Ташкент автожолында ірі көлік апаты болды: қаза тапқандар бар
    20/04 12:02 0 204
    3
    "Субарумен" соғысқан мопедтегі жігіттердің халі мүшкіл
    20/04 11:50 0 176
    Желдеткіш зауытындағы кайдзен жүйесі: бонус беретін берекелі бизнес
    20/04 00:01 0 336
    Оразаға дайындығың қалай?
    19/04 17:46 0 754

    Таныстырылғандар

    "Обея бөлмесі"— бизнесте уақытты тиімді пайдаланудың жолы
    "Обея бөлмесі"— бизнесте уақытты тиімді пайдаланудың жолы
    "Обея бөлмесі"— бизнесте уақытты тиімді пайдаланудың жолы
    Обея бөлмесі қазіргі таңда көптеген елдің кәсіпте уақытты тиімді пайдаланудың жолын қарастыруға үлкен септігін тигізуде
    15/04/2019 13:55 0 472
    Қазақстандық спортшы тәжікстандық әлем чемпионын нокаутқа жіберді
    Қазақстандық спортшы тәжікстандық әлем чемпионын нокаутқа жіберді
    Қазақстандық спортшы тәжікстандық әлем чемпионын нокаутқа жіберді
    Отандасымыз әу баста жергілікті спортшы Тилек уулу Капармен (3-0-0) жекпе-жек өткізу керек еді.
    10/04/2019 19:53 2 2907
    Қызылорда тумасы Эстония астанасының мэрі атанды
    Қызылорда тумасы Эстония астанасының мэрі атанды
    Қызылорда тумасы Эстония астанасының мэрі атанды
    Сайлауға қалалық жиналыстың 70 депутаты дауыс беруге қатысқан.
    12/04/2019 10:29 0 2108
    Тоқаев: Тек мұнайға сеніп өмір сүруге болмайды
    Тоқаев: Тек мұнайға сеніп өмір сүруге болмайды
    Тоқаев: Тек мұнайға сеніп өмір сүруге болмайды
    Тоқаев кезектен тыс сайлауын өткізу жөніндегі шешімін қолдағаны үшін кездесуге қатысушыларға алғыс білдіріп, баршасына табыс және амандық тіледі.
    12/04/2019 14:36 0 1224
    Украин генералы: Бізге  орыстың Уралына  дейін жететін ракеталық оқтұмсық жасау керек
    Украин генералы: Бізге орыстың Уралына дейін жететін ракеталық оқтұмсық жасау керек
    Украин генералы: Бізге орыстың Уралына дейін жететін ракеталық оқтұмсық жасау керек
    "Украинаға жанталаса қарулануға кіріспесе, болмайды"..
    15/04/2019 10:50 0 1141
    Адамзат туралы айтары бар ерекше 17 ескерткіш
    Адамзат туралы айтары бар ерекше 17 ескерткіш
    Адамзат туралы айтары бар ерекше 17 ескерткіш
    "Өмірдегі ең бастысы — лайк», "Әйелдің күшін басшылықта біліңдер. Оның өзіндік құны бар"
    15/04/2019 17:32 0 1166
    Өзге құжатпен несие алған Ақтөбе тұрғыны сотталды
    Өзге құжатпен несие алған Ақтөбе тұрғыны сотталды
    Өзге құжатпен несие алған Ақтөбе тұрғыны сотталды
    1 миллион 325 мың теңге несиені өзге азаматтың жеке куәлігі арқылы рәсімдеген азамат ұсталды.
    16/04/2019 00:26 0 432
    Дәстүрлі олимпиада жалғасын тапты
    Дәстүрлі олимпиада жалғасын тапты
    Дәстүрлі олимпиада жалғасын тапты
    С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде журналистика мамандығы бойынша XI студенттік пән олимпиадасы өтуде.
    16/04/2019 11:23 0 181
    Павлодарда XI республикалық пән олимпиадасы өтті
    Павлодарда XI республикалық пән олимпиадасы өтті
    Павлодарда XI республикалық пән олимпиадасы өтті
    Сайыс нәтижесі psu.kz сайтында және басқа да БАҚ-та жарияланады.
    16/04/2019 11:29 0 164
    Ресейлік жүргізуші қостанайлықтан қазақ тілінде кешірім сұрады (видео)
    Ресейлік жүргізуші қостанайлықтан қазақ тілінде кешірім сұрады (видео)
    Ресейлік жүргізуші қостанайлықтан қазақ тілінде кешірім сұрады (видео)
    Ресейлік тележүргізуші Дмитрий Брейтенбихер қостанайлықтан қазақ тілінде кешірім сұрады
    17/04/2019 07:34 0 2665
    Жас жұбайлардың тракторлардан құралған кортежі жұртты таңғалдырды (видео)
    Жас жұбайлардың тракторлардан құралған кортежі жұртты таңғалдырды (видео)
    Жас жұбайлардың тракторлардан құралған кортежі жұртты таңғалдырды (видео)
    қалыңдық бұл туралы тойдың алдында ғана білген екен.
    17/04/2019 09:45 0 542
    Төбе шашты тік тұрғызар жауыздық (фото +18)
    Төбе шашты тік тұрғызар жауыздық (фото +18)
    Төбе шашты тік тұрғызар жауыздық (фото +18)
    Айдын күннің аманында бұл не сұмдық жағдай?
    17/04/2019 11:59 2 12632
    Алматыда теңге ілуден Азия чемпионаты басталды
    Алматыда теңге ілуден Азия чемпионаты басталды
    Алматыда теңге ілуден Азия чемпионаты басталды
    Ұлттық ат спорты түрлерінен өтіп жатқан жарысқа «Қазақстан РТРК» АҚ басты ақпараттық қолдау көрсетіп отыр
    18/04/2019 10:13 0 232
    Тақ таластық пен бақталастық: Зеленский жеңіп, Порошенко премьер-министрлікке келуі мүмкін
    Тақ таластық пен бақталастық: Зеленский жеңіп, Порошенко премьер-министрлікке келуі мүмкін
    Тақ таластық пен бақталастық: Зеленский жеңіп, Порошенко премьер-министрлікке келуі мүмкін
    Петр Порошенко Владимир Путиннің билігін барынша сынап отырған және бірден-бір қарсы тұрған тұлға
    19/04/2019 10:59 0 957
    Желдеткіш зауытындағы кайдзен жүйесі: бонус беретін берекелі бизнес
    Желдеткіш зауытындағы кайдзен жүйесі: бонус беретін берекелі бизнес
    Желдеткіш зауытындағы кайдзен жүйесі: бонус беретін берекелі бизнес
    Жұмысшының уақыты бағаланып, еңбекақысы желінбейді бұл жүйеде.
    20/04/2019 00:01 0 336