• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 03:16:03
+35°

29 Қыркүйек, 2018 Спорт

"Үшінші жекпе-жекте Головкин жеңуі мүмкін"

Ресей бокс федерациясының бас хатшысы Омар Кремлев Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварес арасындағы үшінші жекпе-жекті елде ...

Ресей бокс федерациясының бас хатшысы Омар Кремлев Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварес арасындағы үшінші жекпе-жекті елде өткізу туралы жоспарымен бөлісті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі vesti.kz сайтының дерегін негізге алып. 

Алдыңғы екі жекпе-жек Американда Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өткені белгілі. 2017 жылы қыркүйектегі бірінші жекпе-жекте тең нәтиже болды, ал бір жылдан кейін Альварес жеңіске жетті, осылайша Головкин карьерасындағы алғашқы жеңіліске ұшырып, WBC, WBA (Супер) және IBO версиясы бойынша орташа салмақтағы әлем чемпионы титулынан айырылды.

 — Геннадийге реванш өткізуге кеңес берер едім. Соңына дейін күресу керек. Үшінші ретте Головкин оны жеңуі мүмкін деп ойлаймын. Геннадийге "Канеломен" үшінші жекпе-жекті Ресейде өткізу туралы ұсыныс айтқалы жүрмін. Келесі жылы бокс форумы өтеді. Соңғы күні Головкиннің жекпе-жегін жоспарға енгізгіміз келеді. Ойланып, талқылап көреміз, мүмкін келісетін шығармыз. Форум маусымда болады. Кейінірек барлық мәліметті бөлек жариялаймыз. Әзірше тіпті өтетін аймақты таңдағанымыз жоқ. Таяудағы конференцияда жариялаймыз деп ойлаймын, - дейді Кремлев. 

Еске салайық, Головкин ақпанда Сочиде өткен бірінші халықаралық бокс форумының келбеті болған. Қазақстандық карьерасында сегіз елде жекпе-жек өткізген, бірақ Ресейде рингке шықпаған.

Мұның алдында Головкин мен Альварес үшінші жекпе-жек өткізуге дайын екендігін мәлімдеді. Ол 2019 жылы болуы мүмкін.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір