Үшемге жүкті болған келіншек егіз босанды

Үшемге жүкті болған келіншек егіз босанды
Ⓒsputniknews.kz

Қырғыз елінде шу шықты - егіз баланы дүниеге әкелген отбасы прокуратураға шағымданды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі sputniknews.kz  сайтына сілтеме жасап.

Қырғызстанда 24 жастағы Гүлзина Әбдімәжитова Ош облыстық перзентханасында егіз баланы аман-есен дүниеге әкелді. Алайда екіқабат кезінде ультрадыбыстық зерттеу оның үшем туатынын көрсеткен.

Гүлзинаның 26 жастағы күйеуі Ынтымақ Базарбай Ош облыстық прокуратурасына дәрігерлердің үстінен шағым түсірген.

Отбасы ота кезінде бірнәрсе болуы мүмкін, оны дәрігерлер жасырып отыр деп күмәнданады.

УДЗ бойынша үшем болуы тиіс

Екіқабат әйелге 9 сәуір күні кесарь тілігі жасалған. Отадан соң өз-өзіне келген әйелдің қолына дәрігерлер екі қызды ұстатып, егіз тудың деп құттықтаған.

2018 жылдың қыркүйегінде жүктіліктің екі айлық кезінде Гүлзина Джалал-Абадта УДЗ-ге түседі. Зерттеу оның жатырында үш эмбрион барын көрсеткен.

Одан соң 2 сәуірде ауруына байланысты екіқабат келіншек Ош облыстық перзентханасына жатқызылып, ол арада да УДЗ-ге түседі. Ол кезде де үшем күтіп жүргенін дәрігерлер оған жеткізген.

"9 сәуірде түнде толғағым басталды. Дәрігерлер бір баланың көлденең жатып алғанын айтып, кесарь тілігін жасайтынын айтты. Мен өзімнің туа алатыныма сенгенмін. Бірақ дәрігерлердің сөзін құп көріп, соңында отаға келістім", - дейді Гүлзина.

Келіншек бала туған кезінде енесін қасына алмақшы болып жоспарлаған екен. Алайда ота басталғанда дәрігерлер әйелді ішке кіргізбей қойған.

"Маған наркоз берді. Содан екі қызымды туған соң талықсып кеттім. Одан соң не болғанын білмеймін. Ал есімді жиғанда қолыма екі қызымды берді. Мен не істерімді білмей, сасып қалдым", - дейді жас ана.

Егіз қыз туған ананы 16 сәуірде перзентханадан шығарады.

Үшінші бала қайда кетті – дәрігерлердің пікірі

Перзентхананың бас дәрігері Гүлбара Кенжебаева жатырдағы ұрықтың о баста екеу болған деп санайды. Ал "үшінші" бала УДЗ-де қате көрсетілген. Іште екі бала болғандықтан дұрыс көрінбеуі мүмкін дейді ол.

"Мен ол әйелді босандырған жоқпын. Менің білетінім, екі қызды аман-есен дүниеге әкелген. Біреуінің салмағы 2 келі 520 грамм, екіншісінікі – 2 келі 440 грамм.  Негізі, УДЗ жатырдағы ұрық санын жүктіліктің 12 аптасына дейін анық көрсетеді.  Ал Әбдімәжитова аппаратқа кеш түскен, жүктілігінің 18 аптасынан соң. Мұндай жағдайда УДЗ-дің шатасуы әбден мүмкін ", - деді Кенжебаева.

Бас дәрігер ота кезінде әйелдің жатырында үшінші баланың болмағанын 9 медицина қызметкері растап бере алатынын айтады.

"Әйелдің егіз қыз туғанын растап беретін куәгерлеріміз де бар. Кесарь тілігі әдісімен ота жасалғанда екі акушер-гинеколог, үш акушер, екі анестезиолог, медбике, санитар қатысады, яғни жалпы саны  9 адам", - дейді Кенжебаева.

Сондай-ақ ол отаға әйелдің енесін неге кіргізбегенін де түсіндірді.

"Тәртіп бойынша ота жасалатын залға бөгде адамдар кіргізілмейді. Егер ол өзі босанған болса, онда оған ешкім кедергі болмас еді", - дейді бас дәрігер.

Енді дәрігерлер ішкі тексеріс жүргізіп жатыр. Олар бес УДЗ нәтижесі бойынша да неге бес бала көрсетілгенін анықтамақ.


Ұсынған: Мақпал Сембай

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


    1
    Зеленский “кет” деді. Кетті!
    20/05 14:38 0 21
    2
    Huawei смартфондарында Android операциялық жүйесінің жаңартулары тоқтатылады
    20/05 14:22 0 58
    3
    Псевдосалафизммен күресте исламды жақсы білетін тарихшыларды алға шығару керек!
    20/05 14:16 0 11
    Зеленский: Суретім еш жерде ілінбеуі тиіс. Президент табынатын икона емес
    20/05 14:13 0 135
    Қазақстанның көптеген аймақтарында суық ауа-райы күтіледі
    20/05 14:06 0 108

    Таныстырылғандар

    Баласына есірткі жеткізбек болған әйелді құзырлы органдар құрықтады
    Баласына есірткі жеткізбек болған әйелді құзырлы органдар құрықтады
    Баласына есірткі жеткізбек болған әйелді құзырлы органдар құрықтады
    Түрмедегі баласына аяқ киімге есірткі жасырып өткізбек болған әйел ұсталды
    Аудио тыңдау
    15/05/2019 17:30 0 569
    Көңіл шерін қозғайтын ескерткіштер
    Көңіл шерін қозғайтын ескерткіштер
    Көңіл шерін қозғайтын ескерткіштер
    Дүниежүзілік тарихта бір емес адамның жасын төккізген адам өмірін алған соғыстарда болған
    Аудио тыңдау
    15/05/2019 17:45 0 350
    "Balapan" бір балапанынан айырылды
    "Balapan" бір балапанынан айырылды
    "Balapan" бір балапанынан айырылды
    @balapantv -дағы "Ойлан, тап!", "Біз де бал болғанбыз", "Қуыр, қуыр, қуырмаш", "Дұрыс-бұрыс" бағдарламаларын жүргізген, талабы таудай таланты бала еді.
    Аудио тыңдау
    16/05/2019 11:23 0 24348
    Ат мінгізген айып па?
    Ат мінгізген айып па?
    Ат мінгізген айып па?
    Тіпті Тоқаевтың өзі бұл істі қатаң бақылауына алып, шара қолданатынын жеткізген-ді.
    Аудио тыңдау
    16/05/2019 12:42 0 2757
    Нұр-Сұлтанда тағы да митинг, тағы да аналар... (видео)
    Нұр-Сұлтанда тағы да митинг, тағы да аналар... (видео)
    Нұр-Сұлтанда тағы да митинг, тағы да аналар... (видео)
    Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтан қаласындағы «Hilton» қонақүйінің жанында көп балалы аналардың наразылық акциясының өтуде
    Аудио тыңдау
    16/05/2019 13:51 0 3074
    Алматыда зорлық жасаған күдікті қамауға алынды
    Алматыда зорлық жасаған күдікті қамауға алынды
    Алматыда зорлық жасаған күдікті қамауға алынды
    Алматыда «Медеу» мұз айдыны аумағында зорлық жасаған күдікті қамауға алынды, деп хабарлайды
    Аудио тыңдау
    16/05/2019 19:37 0 547
    Қыздарымызды  "Барбимен", ұлдарымызды "Тачкимен"  қашанғы ойнатамыз?
    Қыздарымызды "Барбимен", ұлдарымызды "Тачкимен" қашанғы ойнатамыз?
    Қыздарымызды "Барбимен", ұлдарымызды "Тачкимен" қашанғы ойнатамыз?
    Хорваттар ойыншық әлеміне қатысты ай сайын арнайы көрме өткізіп, баланың дамуына ерекше үлес қосқан кәсіп иелерін үнемі марапаттап отырады.
    Аудио тыңдау
    17/05/2019 09:52 0 242
    Сотталушы сот залында күре тамырын кесті
    Сотталушы сот залында күре тамырын кесті
    Сотталушы сот залында күре тамырын кесті
    Қарағанды облыстық сотының ғимаратында екі жылға сотталған Балқаш қаласының тұрғыны Александр Гит апелляциялық алқа сот шешімін оқыған соң күре тамырын кесті.
    Аудио тыңдау
    17/05/2019 09:58 0 625
    Қосановтың қолдаушылары автошеруге шықты
    Қосановтың қолдаушылары автошеруге шықты
    Қосановтың қолдаушылары автошеруге шықты
    Facebook әлеуметтік желісінде Қосановты қолдап автошеруге шыққан ақтөбеліктердің бейне жазбасы жарияланды
    Аудио тыңдау
    17/05/2019 11:10 0 1051
    Назарбаев пен Тоқаев орындарын шатастырып алды (видео)
    Назарбаев пен Тоқаев орындарын шатастырып алды (видео)
    Назарбаев пен Тоқаев орындарын шатастырып алды (видео)
    Кейін сол жердегі қызметкерлерлердің айтуымен Назарбаев пен Тоқаев орын алмасады.
    Аудио тыңдау
    17/05/2019 16:30 0 6029
    Баннер үшін сотталған Бейбарыс Толымбеков әскерге аттанды
    Баннер үшін сотталған Бейбарыс Толымбеков әскерге аттанды
    Баннер үшін сотталған Бейбарыс Толымбеков әскерге аттанды
    Бейбарыс Толымбеков әскери борышын Жамбыл облысындағы Отар әскери гарнизонында өтейтінін айтқан
    Аудио тыңдау
    17/05/2019 16:53 0 697
    Ешқандай резиденция керек емес: Зеленский қайда тұратынын мәлімдеді
    Ешқандай резиденция керек емес: Зеленский қайда тұратынын мәлімдеді
    Ешқандай резиденция керек емес: Зеленский қайда тұратынын мәлімдеді
    Мен резеденцияда тұрудың ешқандай себебін көріп тұрған жоқпын...
    Аудио тыңдау
    19/05/2019 00:47 0 1224
    Жол апаты әйел адамның өмірін жалмады (видео)
    Жол апаты әйел адамның өмірін жалмады (видео)
    Жол апаты әйел адамның өмірін жалмады (видео)
    Жарақат алған әйел адам оқиға орнында көз жұмған
    Аудио тыңдау
    19/05/2019 14:01 0 924
    Жұма намазында президенттің дұшпандарына қарғыс айтылды
    Жұма намазында президенттің дұшпандарына қарғыс айтылды
    Жұма намазында президенттің дұшпандарына қарғыс айтылды
    Жұма намаздан кейін имам президентті мақтай бастады.
    Аудио тыңдау
    20/05/2019 10:52 0 795
    Алматыда алаяқтық жолмен ақша ұрлаған "салафит" ұсталды
    Алматыда алаяқтық жолмен ақша ұрлаған "салафит" ұсталды
    Алматыда алаяқтық жолмен ақша ұрлаған "салафит" ұсталды
    Алайда ер адамның діни некеде тұрған әйелі де болған.
    20/05/2019 13:32 0 288