• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 05:19:18
Алматы
+35°

11 Наурыз, 2019 NEWS

Ұшаққа екі минут кешіккен жолаушы ажалдан аман қалды

Жолаушылардың ұшаққа отырып жатқанын көрдім, - дейді Антониос

Грецияның Афина қаласының азаматы Антониос Маврополоус Эфиопияда апатқа ұшыраған ұшаққа екі минут кешігіп қалған, соны арқасында афиналық ер адам өлімнен аман қалды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі Greek Reporter басылымына сілтеме жасап.

«Жолаушылардың ұшаққа отырып жатқанын көрдім. Мені бортқа жібермей қойғанына қатты ашуланған едім», - дейді Антониос.

Эфиопия

Ол рейске бар-жоғы екі минут қана кешіккен екен, әуежайда тұрғанында басқа адамдардың ұшаққа кіріп бара жатқанын көрген. Әуежай қызметкерлері оны кешігіп, жүгін өткізіп үлгермегендіктен ұшаққа жібермей қойған. Эфиопияда ұшақ апатқа ұшырағаннан кейін Антониостың бұл ұшаққа отырмаған жалғыз жолаушы екендігі белгілі болды.

Эфиопия

Айта кетейік, 10 наурыз күні таңғы уақытта Boeing 737 ұшағы апатқа ұшыраған болатын, ұшақ бортында 157 адам болған, оның 8-і экипаж мүшелері екен.

Ұсынған: Назерке Лабихан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір