• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 12:41:51
Алматы
+35°

 

Daily Sabah басылымының жазуынша атақты голливудтық актриса Анджелина Джоли мен «Реал»  футбол клубының шабылдаушысы Криштиану Роналду түрік сериалына түспекші.

 

Сериал «Өмір көпірі»  (түп нұсқада «Мост жизни»)  деп аталмақ. Ол тарихи жанрдағы босқындар өмірін сипаттайтын сериал болмақ. Үш сезоннан тұратын сериал Түркиядағы босқындар жайы туралы түcірілмек болып жоспарлануда.

Роналду әлемдегі ең атақты және ең қымбат футболшылардың бірі. 32 жастағы футболшы өз карьерасында 4 рет «ең үздік әлем футболшысы» мәртебесін алған, чемпиондар лиганының 3 дүркін жеңімпазы. 2016 жылы  Португалия құрамасының  Еуропа чемпионы атанды.

Ал Джолиге келтін болсақ, американдық танымал актриса, «Оскар» сыйлығының, көптеген кино премияларының иегері. Соңғы жылдары БҰҰ-ның ерікті елшісі, босқындар ісі бойынша Жоғарғы комиссариат өкілі қызметтерінде.

Екі тұлғаның да, қайырымдылық істерімен айналысып жүргендерін ескере отырсақ, сериалға да осындай мақсатта түсуге шешім қабылдағандарын аңғаруға болады. Десе де, Криштианоны актер рөлінде елестету қиын-ақ әсіресе түрік сериалында...

Назерке Мұса

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір