• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 18:35:06
Алматы
+35°

12 Шілде, 2017 NEWS

Үш мас әйелді зорлаған такси жүргізушісі ойламаған жерден қолға түсті

37 жастағы такси жүргізушісі Джахир Хуссейн өзінің құрбандарын түрлі бар мен мейрамхана тұсынан тауып отырған. Өзі - Лондон тұрғыны. Оның көлігіне &nbsp...

37 жастағы такси жүргізушісі Джахир Хуссейн өзінің құрбандарын түрлі бар мен мейрамхана тұсынан тауып отырған. Өзі - Лондон тұрғыны. Оның көлігіне  әйел адамдар көбінесе мас күйінде отырады екен. Айлакер такси жүргізушісі олардың ұйықтап қалғанын күтіп, кейін олардың киімдерін жыртып тастап, зорлаған. Алайда, қылмыскер көп ұзамай қолға түсті. Ол бір әйелге көлігінде ұмытып кеткен телефонын қайтармақ болған, сол мезетте полиция қызметкерлері оны ұстап алған, деп хабарлайды Life.ru сайты.

Өзінің кезекті құйтұрқы жоспарын іске асырғаннан кейін полиция бөлімшесіне үш әйел барып арызданған.

Әйелдердің бірінің айтуынша, Джахир Хуссейн оны автотұраққа алып барып, сол жерде зорлаған. Ол полицияға арызданатындығын айтқан кезде, Джахир дереу кетіп қалған. Кейіннен телефонын ұмытып кеткені әйелдің есіне түседі. Хуссейн оның телефонын алып келіп беруге келіскен, сол уақытта зәбір көрген әйел оның көлігінің нөмірін есінде сақтап қалған.

Сот шешімі бойынша, Джахир Хуссейн 12 жылға бас бостандығынан айырылды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір