• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 17:34:28
Алматы
+35°

12 Қыркүйек, 2018 Спорт

"Үш күн тоқтаусыз іштім, өлгім келді". Илья Ильиннің шындығы

Илья Ильин спорттан шеттетілгені, допинг дауына ұшырағаны және президент Нұрсұлтан Назарбаевпен достығы жөнінде әңгімеледі.

Ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин Sports True бағдарламасына берген сұхбатында спорттан шеттетілгені, допинг дауына ұшырағаны және президент Нұрсұлтан Назарбаевпен достығы жөнінде әңгімеледі.

-Президенттің жеңісіме шынайы қуанғанына сенімдімін. Жеңгенімді айтып хабарласуға мүмкіндігім болмағанда ол өзі хабарласты. Біз жиі кездесіп тұрамыз. Рухани әкем секілді болып кетті. Соңғы кездескенімізде, жағдайымды сұрап еді. Бәрі жақсы дедім. Тіпті допинг дауынан кейін де президент мені қолдады. «Сен мен үшін чемпионсың» деген бірауыз сөзі маған демеу болды, - деді Ильин.

-Іштің бе?

-Іштім. Сол стақаннан маған келіп-кетер пайда болмасын білсем де... Көп іштім, ата-анам да мен үшін қатты уайымдады, көңіл-күйлері болмады. Марапаттарымның бәрін қайтарып алу жөнінде ақпарат шыққанда көңілдері тіптен құлазыды. Шынымды айтсам, өлгім келді. Үш күн тоқтаусыз іштім. Өткен жылдың басында Израильге барып, сонда ғана өз-өзіме келдім.

-Допинг жайлы айтсаң...

-Допинг мәселесін құпия қалдырдым. Ол жайында халыққа айтқаным дұрыс болмас. Кейінірек, бәлкім, айтармын. Бірақ түбегейлі емес. Тек айтарым, үлкен спортта репрессияға ұшырауыма мен кінәлі емеспін. Жеңісім адал болды. Бір де бір спортшы көзіме тіке қарап тұрып «сенің жеңісің әділетсіз» деп айта алмайды.

-Допинг дауы қайта басталуы мүмкін бе? Мұндай жағдайдың қайталанбауы үшін не істеу керек?

-Мұнымен жұмыс істеудеміз. Токиодағы Олимпиадаға жете алмауым мүмкін. Бізге «жігіттер, допинг дауына ұшырағандар бармайды» деп айтуы мүмкін. Сол кезде елім мені жақтайды. Мен жазамды өтедім, ұзақ уақыт спорттан тасада болдым. Егер мені Токиоға жібермесе, мұны «басынғандық» деп білемін.

Айта кетейік, 2018 жылдың 10 маусымында допинг дауынан кейін екі жыл мерзімге спорттан шеттетілген қазақстандық ауыр атлет, әлемнің төрт дүркін чемпионы Илья Ильин спортқа қайта оралған еді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір