24Қыркүйек

«Үркер» кімге бұйырады: Қазақстандағы 10 үздік интернет-БАҚ

«Үркер» кімге бұйырады: Қазақстандағы 10 үздік интернет-БАҚ
Ⓒqamshy.kz

Баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы «Үркер-2018» ұлттық сыйлығының табысталуына санаулы күн қалды.

Байқауда отандық БАҚ өкілдері «Үздік фотосурет», «Үздік репортаж», «Үздік сараптамалық материал», «Үздік журналистік зерттеу», «Үздік сұхбат» сынды 14 аталым бойынша сынға түседі. Ал, «Үздік интернет-БАҚ» аталымында кімдер үздік атанады? Марапаттау қарсаңында ҚазАқпарат агенттігі қазақстандық жаңалық тарататын 10 танымал интернет-ресурсқа шолу жасады.

  1. ҚазАқпарат халықаралық ақпарат агенттігі- тарихы 1920 жылдан бастау алатын Қазақстандағы тұңғыш ақпарат агенттігі. Тұңғыш рет ҚазАқпарат отандық ақпарат агенттіктері арасында халықаралық дәрежеге ие болған және тұңғыш рет қиырдағы қазақтарға латын, төте әліпбиінде хабар таратқан. Қытай тілінде хабар таратқан Орталық Азиядағы тұңғыш агенттік те осы.

Агенттік 98 жылға жуық уақыт бойы саясат, экономика, білім беру, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет және қоғамның өзге де тыныс-тіршілігі туралы жедел әрі сенімді ақпарат таратып келеді. ҚазАқпарат арқылы Президент Әкімшілігі, Парламент, Үкімет, өңірлік билік органдары, ұлттық қаржылық және өндірістік құрылымдардың қызметі жөнінде ресми хабар таратылады.

ҚазАқпарат қазақ, орыс, ағылшын және қытай тілдерінде хабар таратады. Кириллицаны оқи алмайтын шетелде тұратын қандастарымыз үшін қазақша жаңалықтар латын графикасы мен арабша төте жазуға аударылады. Мәтіннен бөлек, агенттіктің фото және видеоқызметтері жұмыс істейді. ҚазАқпаратта өзге отандық ақпараттық агенттіктерде жоқ тілшілер желісі бар. Елдің барлық аймақтарында тілшілер пунктері орналасқан. Ресей, Қытай Бельгия, Әзербайжан, Өзбекстан және әлемнің т.б. елдерінде меншікті тілшілері бар. Бұл елімізде және әлемде болып жатқан жаңалықтарды on-line режимде жедел әрі шынайы таратуға мүмкіндік береді. www.inform.kz порталын пайдаланушылардың географиясы 229 елді қамтиды.

  1. Tengrinews.kz- «Өзекті ақпарат- өз уақытында» қағидасымен жұмыс істейтін Қазақстандағы ірі жаңалықтар порталы. 2010 жылы негізі қаланған бұл портал 2017 жылы «Үздік интернет-БАҚ» аталымында Үркер сыйлығын жеңіп алған болатын. Порталдың бас кеңсесі Алматы қаласында орналасқан. Алғашында орыс тілінде ғана ақпарат таратқан портал соңғы жылдары қазақ тілі бөлімін де ашты. Қазіргі уақытта Tengrinews.kz Zero.kz сайтында алғашқы орында тұр. Тәулігіне бұл порталға 400 мыңнан астам оқырман кіреді.
  2. "Интерфакс-Қазақстан"ақпарат агенттігі - 1989 жылы құрылған КСРО-дағы алғашқы тәуелсіз жаңалықтар порталы - «Интерфакстің» қазақстандық бөлімшесі. Агенттік 1996 жылдың қазан айынан бастап, Қазақстанның саяси жəне экономикалық ақпарат нарығында жұмыс істей бастады. Агенттік оқырмандарға электронды форматтағы сұхбаттар мен жаңалықтарды қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде ұсынады. Сонымен қатар, БАҚ-ты мониторингтен өткізу, ТМД мен шет елдердің заңды тұлғалары туралы мəлімет беру, баспасөз мәслихатын ұйымдастыру сынды қызмет түрлерін ұсынады.
  3. Zakon. kz- заңнама және құқық саласында ақпарат беретін сайт 1999 жылы құрылған. Мұнда Қазақстан заңдары мен қайта бекітілген нормативтік актілерінің толық мәтіні беріледі, заң жобалары мен құқықтық мәселелер талқыланады. Арнайы форумда сарапшылар құқық мәселелері бойынша оқырмандар сауалына кеңес береді, анықтамалық қызмет көрсетеді. Одан бөлек, Zakon. kz әлемдік, спорт, саясат, мәдениет бойынша кең ауқымда жаңалықтар мен сұхбаттар, репортаждар жариялайды. Сайтты күнделікті 200 мыңнан астам адам оқиды және Zero.kz рейтингінде бұл сайт алғашқы үштіктен түспейді.
  4. Informburo.kz- құрылғанына үш жыл болған мультимедиялық ақпараттық-сараптамалық портал танымал ресурстардың үздік бестігіне еніп үлгерді. Портал күнделікті жаңалықтармен қатар, көлемді сараптамалық материалдарымен «Неге?» және «Не үшін?» деген сұрақтарға жауап іздеуге тырысады. Порталда инфографикаға, видео және фотожұмыстарға да ерекше көңіл бөлінген. Портал атауын 31 арнадағы «Информбюро» бағдарламасымен байланыстыратындар бар. Шынында да, «Информбюро» бағдарламасы менInformburo.kz ақпараттық-сараптамалық порталы және "InformБЮРО Мегаполис" апталық газеті - серіктестер болып саналады.
  5. BAQ.KZ- «Қазконтент» акционерлік қоғамына тиесілі қазақтілді ақпараттық портал. 2010 жылы Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында құрылған. Порталдың басты мақсаты - барлық қазақ тілді бұқаралық ақпарат құралдарына бір ғана сілтемемен қол жеткізуге мүмкіндік беретін ортақ алаң құру болатын.

Порталдағы 30 айдарда күн сайын әлемде және Қазақстанда болып жатқан жаңалықтар топтамасы оқырманға ұсынылады. BAQ.KZ-те еліміздің қазақ тіліндегі 104 газеті мен 34 журналының сайттары және 175 электронды БАҚ топтастырылған. Портал қолданушылары 11 радио мен 17 телеарнаны онлайн жүйесінде пайдалана алады. Сонымен қатар, Порталда шетелдегі қазақ диаспораларының тыныс-тіршілігін қамтитын «Жаһан қазақтары», еліміздегі тарихи тұлғаларға қатысты дүниелерді ұсынатын «Алтын қор» бөлімі және мұрағаттардағы құнды деректерді жарыққа шығаратын «Асыл қазына» бөлімдері жұмыс істеп, оқырмандарға сирек кездесетін бірегей ақпараттар таратады.

  1. Sputnik Kazakhstan- «Россия сегодня» халықаралық ақпарат агенттігі негізінде қаланған «Sputnik» жаңалықтар порталының Қазақстандағы бөлімшесі. «Sputnik» агенттігінің өзге ресурстардан басты айырмашылығы - шетелдік аудиторияға бағытталған. Sputnik редакциялары АҚШ, Түркия, Мысыр, Қытай, Ұлыбритания сынды әлемнің бірқатар елінде орналасқан және күн сайын 30-дан астам тілде жаңалық таратады. Астанадағы Sputnik өкілдігі саясат, экономика, қоғам, сараптама, сұхбат айдарларымен қазақ және орыс тілдерінде ақпарат таратады.
  2. Today.kz- тәулік бойы ақпарат тарататын қазақстандық порталдардың бірі. Бұл ұжым Қазақстан мен әлемдегі оқиғалар туралы эксклюзивті материалдарымен, ақпаратты қызықты етіп беруімен танылған. Жаңалықтардан бөлек, порталда «Өзекті тақырып», «Сюжеттер», «Сұхбат», «Әлеуметтік желі», «Фоторепортаж» сынды айдарлар белсенді түрде толығып отырады. Zero.kz рейтингі бойынша Today.kz үздік 20 интернет-ресурс қатарына енген.
  3. Bnews.kz- «Қазконтент» АҚ қарамағындағы ақпарат агенттігі. 2009 жылдың шілде айында іске қосылған BNews.kz күнделікті ақпаратты текстілік, видео, фото, графикалық форматта online режимде ұсынып отырады. Қазақстан мен әлемнің саяси, экономикалық, қоғамдық, мәдени, спорттық жаңалықтарын таратады.

Ақпараттық агенттік қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жұмыс істейді. Сонымен қатар қазақ тілді ақпарат латын қарпіне аударылады. Агенттік жылдамдық, нақтылық және шынайылық ұстанымдарында жұмыс істейді.

  1. ҚазТАГхалықаралық ақпараттық агенттігіҚазақстандағы ақпараттық қызметтер нарығында 2008 жылдан бері жұмыс істейді. Ақпараттардың өзектілігі, сенімділігі және дәлдігі - ҚазТАГ командасының басымдықтары болып саналады. Қазақстанның әлеуметтік-саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және спорттық өміріндегі оқиғалар туралы ақпарат орыс, қазақ, ағылшын тілдерінде онлайн режимде таратылады. Сондай-ақ, ҚазТАГ ақпараттық өнімдері қатарында сұхбат, көзқарастар, пікірлер де бар. 

    ҚазТАГ-ның бас кеңсесі Алматы қаласында орналасқан, Астанада және Қазақстанның әрбір өңірінде ҚазТАГ тілшілер желісі жұмыс істейді. ҚазТАГ-тың шетелдік ҚырТАГ (Қырғызстан), ӨзТАГ (Өзбекстан), ТәжікТА (Тәжікстан), ИрТАГ (Иран), АуТАГ (Ауғанстан) және Silkroad News ақпараттық агенттігі сынды серіктестері бар.

***

Еске сала кетсек, «Үркер» ұлттық сыйлығы 2017 жылдан бері ұйымдастырылып келеді. "Үркер" - баспа, радио және интернет журналистика бойынша Қазақстандағы тұңғыш жүлде. Байқауға қатысу туралы өтініштер 7 мамыр мен 10 маусым аралығында urker@el.kz электрондық поштасы арқылы қабылданды.

Ұсынылған ең үздік жұмыстарды арнайы сарапшылар іріктеп, жеңімпаздарды тілшілердің төл мерекесі қарсаңында марапаттайды.

Байқау жеңімпаздары естелік мүсінше мен 1 000 000 теңге ақшалай сыйлыққа ие болады.

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


    1
    Алматының орталық бөлігіндегі көшелер қайта жаңғырады
    24/09 17:28 0 1675
    2
    "Жомарт Ертаев отбасыңмен бірге бауыздап тастаймын деп қорқытты" - Евгений Пак
    24/09 15:51 0 702
    3
    Альварес Головкиннің жеңісін мойындады
    24/09 15:12 0 2286
    9 қабаттан секірмекші болған астаналық аман қалды
    24/09 14:49 0 348
    Алматы мектептерінде Ерлік сабағы өткізілуде
    24/09 14:40 0 960

    Таныстырылғандар

    30-31 тамызда Астанада тегін экскурсия жүргізіледі
    30-31 тамызда Астанада тегін экскурсия жүргізіледі
    30-31 тамызда Астанада тегін экскурсия жүргізіледі
    Экскурсия «AiLand» (океанариум) көңіл-көтеру орталығынан және «MEGA Silkway» сауда ойын-сауық орталығынан басталады.
    29/08/2018 12:31 0 485
    Адамдарды өрттен құтқарған ХҚО қызметкерлері марапатталды
    Адамдарды өрттен құтқарған ХҚО қызметкерлері марапатталды
    Адамдарды өрттен құтқарған ХҚО қызметкерлері марапатталды
    Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер мен ЖҚАЖ қызметкерлері өрт шыққан үйдегі адамдарды сыртқа шығарады.
    29/08/2018 17:23 0 1036
    Елбасы халықаралық конференцияға қатысушылармен кездесті
    Елбасы халықаралық конференцияға қатысушылармен кездесті
    Елбасы халықаралық конференцияға қатысушылармен кездесті
    Елбасы тәуелсіздік алған сәттен бастап Қазақстандағы конституционализмнің даму тарихына тоқталды.
    29/08/2018 17:35 0 695
    Головкин - Альварес жекпе-жегін тікелей эфирде көре аласыздар
    Головкин - Альварес жекпе-жегін тікелей эфирде көре аласыздар
    Головкин - Альварес жекпе-жегін тікелей эфирде көре аласыздар
    Жылдың басты жекпе-жегін 16 қыркүйекте «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарының тікелей эфирінде көре аласыздар!
    30/08/2018 16:26 0 1431
    Юпитер ғаламашарынан су табылды
    Юпитер ғаламашарынан су табылды
    Юпитер ғаламашарынан су табылды
    Америкалық ғалымдар Бпитер ғаламшарындағы Үлкен Қызыл атмосфералық құйындыда су бар екенін анықтады
    02/09/2018 11:10 0 1727
    Оралман мәртебесі ұзартылады
    Оралман мәртебесі ұзартылады
    Оралман мәртебесі ұзартылады
    Жергілікті атқарушы орган өтініш берілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде этникалық қазақтарға және олардың отбасы мүшелеріне оралман мәртебесін береді
    03/09/2018 16:16 0 2632
    Алматылық тиінге Ресейдің көзі түсіп жүр
    Алматылық тиінге Ресейдің көзі түсіп жүр
    Алматылық тиінге Ресейдің көзі түсіп жүр
    лып тиін жайлы бар әлем таныды. Бізде де оны жиі талқылайды. Тіпті өнер сүйер қауым арасында оны Ресейге әкелу туралы ұсыныс барын да естіп қалдым.
    05/09/2018 14:55 0 1649
    Қазaқстанды цифpлық жүйeмен тoлық қaмтамасыз eту үшiн 827 cтанция қaжет
    Қазaқстанды цифpлық жүйeмен тoлық қaмтамасыз eту үшiн 827 cтанция қaжет
    Қазaқстанды цифpлық жүйeмен тoлық қaмтамасыз eту үшiн 827 cтанция қaжет
    Ақпaрат жәнe кoммyникациялaр министрi Дәyрeн Абаeв eлдегi цифрлaндырy бaғдaрламасының қaлай iскe aсыpылып жaтқaнын баяндады
    06/09/2018 17:29 3 938
    Елбасының арманы: Қарағанды миллионер қала болуы керек
    Елбасының арманы: Қарағанды миллионер қала болуы керек
    Елбасының арманы: Қарағанды миллионер қала болуы керек
    70 жылдары ССРО көмір өнеркәсібі министрлігі көмірді шығару үшін қаланы Оңтүстік Шығысқа көшіруді жоспарлаған.
    07/09/2018 12:28 7 1125
    Оқытушылар арасында А.Байтұрсынұлы атындағы республикалық байқау өтті
    Оқытушылар арасында А.Байтұрсынұлы атындағы республикалық байқау өтті
    Оқытушылар арасында А.Байтұрсынұлы атындағы республикалық байқау өтті
    Байқаудың мақсаты – Алаш көсемі, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы қалдырған рухани жəне ғылым-білім саласындағы мол мұралар сабақтастығын жалғастыру
    07/09/2018 13:30 0 909
    Сәләфит жігіт өз әйелін "өлтірді"
    Сәләфит жігіт өз әйелін "өлтірді"
    Сәләфит жігіт өз әйелін "өлтірді"
    Әлеуметтік желілерде атыраулық жүкті әйелдің қайтыс болғаны, оның сәләфилік бағытты ұстанған діндар екендігі жазылуда.
    14/09/2018 20:15 0 4462
    "Алатау - алтын ұям" атты аламан айтыс өз мәресіне жетті (видео)
    "Алатау - алтын ұям" атты аламан айтыс өз мәресіне жетті (видео)
    "Алатау - алтын ұям" атты аламан айтыс өз мәресіне жетті (видео)
    Алматыдағы "Алатау" дәстүрлі өнер театрында өткен "Алатауым - алтын ұям" атты аламан айтыс өз мәресіне жетті
    17/09/2018 17:31 0 1827
    52 өзбекстандықтың өмірін қиған қайғылы жайтқа кім кінәлі екені белгілі болды
    52 өзбекстандықтың өмірін қиған қайғылы жайтқа кім кінәлі екені белгілі болды
    52 өзбекстандықтың өмірін қиған қайғылы жайтқа кім кінәлі екені белгілі болды
    Ақтөбе облысында Өзбекстанның 52 азаматы тірідей жанып кеткен автобустағы өртке жолаушылар кінәлі көрінеді.
    19/09/2018 10:25 0 6387
    Вице-министрлер отандық ІТ-қауымдастығымен тағы да бас қосты
    Вице-министрлер отандық ІТ-қауымдастығымен тағы да бас қосты
    Вице-министрлер отандық ІТ-қауымдастығымен тағы да бас қосты
    Елордамыздың Аstana hub технопаркінде дәстүрлі кездесуге айналған Digital Arena алаңында мемлекеттік органдар мен IT өкілдерінің екінші форумы өтті
    20/09/2018 16:44 0 1226
    Алматыда психиатриялық ауруханадан 3 жасөспірім қашып кетті
    Алматыда психиатриялық ауруханадан 3 жасөспірім қашып кетті
    Алматыда психиатриялық ауруханадан 3 жасөспірім қашып кетті
    Алматыда психиатриялық ауруханадан қашып кеткен 3 жасөспірім іздестірілуде. Олар осыдан екі күн бұрын аурухананың қоршауынан секіріп іздерін суытқан
    22/09/2018 11:54 0 932