• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 00:49:26
+35°

17 Мамыр, 2017 NEWS

ҰҚК-нің Шекара қызметі Академиясынан ұрланған тапаншалар табылды

ҚР ҰҚК-нің Шекара қызметі академиясынан  тиісті10 тапаншаны ұрлаған күдікті тұтқындалды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Sputnik Казахстанға...

ҚР ҰҚК-нің Шекара қызметі академиясынан  тиісті10 тапаншаны ұрлаған күдікті тұтқындалды деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі Sputnik Казахстанға сілтеме жасап.

Бұл туралы ҚР ІІМ-нің ақпарат және мемлекеттік тіл департаментінің директоры Алмас Саудабаев мәлімдеген.

«Жедел-тергеу тобының  тексеру  жұмыстары нәтижесінде ҰҚК шекара қызметі академиясына тән  тапаншаларды ұрлаған деген айыппен  осы оқу орнының жүргізушісі ұсталды»,-деп мәлімдейді Алмас Саудабаев.

Күдікті ер адамның тұрғылықты мекен жайын тінту барысында  ұрланған 10 тапаншаның барлығы табылған.

Бұған дейін хабарлағандай, ҰҚК-нің  шекаралық қызмет Академиясының әскери атыс алаңындағы ату жаттығуларынан соң, осы оқу ордасына тән  патронсыз 10 Макаров тапаншасы жоғалған болатын.

Шолушы: Арафат Дербесұлы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір