• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 08:03:29
Алматы
+35°

29 Қаңтар, 2019 NEWS

ҰҚК: 250 қазақстандық әйел соғыс аймағында жүр

Мұндай мәлімдемені ҰҚК басшысының орынбасары Нұрғали Білісбеков Комитеттің халықаралық мәселелерге қатысты өткен жиында айтты

250-ге жуық қазақстандық әйелдер Сирия, Ирак және Ауғанстанда қарулы қақтығыс аймағында жүр. Бұл жайында Qamshy.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтының мәліметін негізге ала отырып жазады.

Мұндай мәлімдемені ҰҚК басшысының орынбасары Нұрғали Білісбеков Комитеттің халықаралық мәселелерге қатысты өткен жиында айтты.

-Бүгінде көптеген әйелдер күйеулерінің соңынан еріп кетіп жатыр. Олардың ішінде Қазақстан аумағында қылмыстық жауапқа тартылғандар да бар. Қазақстандық әйелдердің біразы қазіргі таңда қарулы қақтығыс аймағында жүргені туралы ақпарат бар, олардың кейбіреулері, тіпті сол процесске араласып та кетіпті. Олар елге оралған жағдайда қылмыстық іс қозғалып, жауапқа тартылатын болады»-, - деп айтып өтті Нұрғали Білісбеков.

Естеріңізге сала кетейік, ағымдағы жылдың 6  қаңтарында арнайы операция барысында 47 қазақстандық Сириядан елге оралғаны белгілі. Олардың 30-ы – әкелері соғыста қаза тапқан кішкентай балалар.

Дайындаған: Назерке Лабихан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір