• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 23:34:18
Алматы
+35°

28 Қараша, 2018

Үндістанның ұлы Амитабх Баччан ауылдастарының қарызын төлеп берді

1995 жылдан бері 300 000 фермер қиындыққа төтеп бере алмай, қарызға белшесінен батып, өз өмірлерін қиған.

Болливудтың актері Амитабх Баччан Уттар Прадеш штатындағы 1398 ауылдасының қарызын жауып беріпті. $560 млн соманы игі мақсатта жұмсаған талантты тұлғаның бұл әрекеті шетел журналистерінің назарына түсті. Атап айтқанда BBC сайты көлдей бір мақаланы Амитабхтың қайырымдылығы мен қарапайымдылығына арнады.

Белгілі болғандай, 1995 жылдан бері 300 000 фермер қиындыққа төтеп бере алмай, қарызға белшесінен батып, өз өмірлерін қиған. Құрғақшылық, өнімділіктің жетіспеушілігі, модернизацияның жоқтығы оларды осы қадамға баруға мәжбүрлегендей. Осыны жақсы білетін Амитабх Баччан сонымен қатар Мумбайдың Махараштра штатындағы 350 фермердің несиесін төлеп берген. Фермерлік жерлерге байланысты дауларға да белсене араласқан болатын.

$560 млн соманы ұлттық банктің иелігіне өткізген актер кейінірек жерлестерімен жолығып, қарыздары жоқ екендігін растайтын құжатты қолдарына тапсыратынын айтыпты.

Жасы 76-ға келсе де қоғамдық өмірден алыстамаған Баччанның тек қана актер емес, өз елін, жерін шексіз сүйетін Үндістанның сүйікті ұлы екендігін мойындауға негіз бар.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір