• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 00:21:26
Алматы
+35°

23 Тамыз, 2017 Әлеумет

Үндістанда мұсылмандардың «үштік талақ» арқылы ажырасуына тыйым салынды

«Үштік талақ» тәжірибесі Сауд Арабиясында да кеңінен таралған. Мұсылман елдерінің көбі аталмыш тәжірибеден бас тартқан.

Үндістан Жоғарғы соты мұсылмандардың «шұғыл ажырасу» тәжірибесін Конституцияға қайшы деп санап, аталмыш тәжірибеден бас тартты, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Жергілікті басылымның мәліметіне сүйенсек, Үндістан Жоғарғы соты сейсенбі күні исламның «үштік талақ» тәжірибесін сынады. Араб тілінен аударғанда «ажырасу» деген мағынаны беретін бұл сөз елдегі ерлі-зайыптылардың жиі айырылысуына әкеліп соқты. Сот үкіміне сәйкес, «шұғыл ажырасу» тәжірибесі ислам дінінің принциптеріне, сондай-ақ, теңдікті айқындайтын ел Конституциясының 14-бабына қайшы келеді.

«Шұғыл ажырасу» – мұсылмандарға жарларымен «талақ» сөзі арқылы өзіндік назына байланысты айырылысуға мүмкіндік беретін озбыр әрекет», – деп келтірді басылым судьяның сөзін. Даулы тәжірибеден бас тартуға бес судьяның үшеуі дауыс берген.

«Үштік талақ» тәжірибесі Сауд Арабиясында да кеңінен таралған. Мұсылман елдерінің көбі аталмыш тәжірибеден бас тартқан. Ал Үндістан мұсылмандары «үштік талақты» осы уақытқа дейін белсенді пайдаланып келген. Оның үстіне, заман талабына сәйкес ер адамдар әйелдеріне «талақ» сөзін хабарлама арқылы жазып жіберіп отырған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір