• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 16:48:15
Алматы
+35°

01 Наурыз, 2018 Аймақтар

Ұлттық ұлан құтқарушылары су басқан ауылдарға көмек көрсетті

Қайназар, Ынтымақ ауылдары мен Ұзынағаш ауылының батыс және шығыс жағындағы көшелері мен тұрғын үйлерді су шайып, жергілікті халықты біраз әбігерге салды.

Ұлттық ұланның 28237 әскери бөлімі Алматы облысындағы су басқан ауылдарға көмек көрсетті, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Апат айтып келмейді. Биылғы қыстың соңғы күндері аяқ астынан ауа-райының күрт өзгеріп, күн райының лезде жылынуына байланысты Алматы облысындағы шатқалдар мен жоталарда жатқан қар еріп, соның кесірінен Алматы облысындағы Қайназар, Ынтымақ ауылдары мен Ұзынағаш ауылының батыс және шығыс жағындағы көшелері мен тұрғын үйлерді су шайып, жергілікті халықты біраз әбігерге салды.

Ұлттық ұлан

2018 жылғы 26 ақпан күні Алматы облысы Жамбыл ауданының әкімінен Жамбыл ауданындағы Ұзынағаш, Ынтымақ және Қайназар ауылдарындағы төтенше жағдайлардың салдарын жоюға қосымша күштерді тарту үшін Ұлттық ұланның 28237 әскери бөлімінің мекенжайына өтініш хат келіп түскен болатын. Соның негізінде әскери бөлім командирінің шешімімен 26-28 ақпан аралығында 130-дан аса ұландық құтқарушылар мен 10-нан аса арнайы техникалар апат орын алған аудандарда таңнан кешке дейінгі мерзімде құтқару жұмыстарын жүргізді.

Ұлттық ұлан

Ұлттық ұланның құтқарушы бөліністері жеке құрамының күштерімен жүргізілген жұмыстар нәтижесінде Ұзынағаш, Қайназар және Ынтымақ ауылдарына техникалармен 400 тонна құм әкелініп 6000-нан аса қап құммен толтырылды және 14 көшенің бойында орналасқан тұрғын үйлердің аулалары жиналып қалған сулар мен лайлардан тазартылып, үйлердің іштеріне су өтпес үшін құм толтырылған қаптармен аулалар толық бөгеттелді. Су басып қалған 8 үйдің тұрғындары қауіпсіз жерге шығарылды. Су бағытын арналарға бұру мақсатында арнайы техникалармен 300 метрден аса жыралар жасалды. Жеке құрамның күштерімен 4000 метрден аса тұрғын үйлердің аулалары мен  көшелері жалпы көлемі 16 тонна лайлардан тазартылды. Соның нәтижесінде жалпы 80-ге жуық тұрғын үйдің су басу қаупі сейілді.

Ұлттық ұлан

2018 жылғы 28 ақпан күні су алған өңірдің ахуалымен және жасалып жатқан жұмыстардың нәтижесімен танысу үшін Алматы облысының әкімі Амандық Баталов арнайы келіп Ұзынағаш пен Қайназар ауылдарын аралады және өз кезегінде Ұлттық ұлан жауынгерлерінің жүргізіп жатқан жұмыстарына үлкен баға беріп әскери бөлім командиріне алғысын жеткізді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір