Ұлттық қордағы ақша қайда кетіп жатыр?

Ұлттық қордағы ақша қайда кетіп жатыр?
Ⓒforbes.kz

ҚР Ұлттық қорының $22 млрд қаржысы бұғатталып, халықты біраз уайымдатқан еді. ҚР Ұлттық банкінің дәйекті уәжінен кейін Амстердам қаласының аймақтық соты Ұлттық қор активтерін босату туралы шешім шығарды. «Қайтқан малда қайыр бар» дейді. Енді Ұлттық қордағы ақшаны мемлекет қайда жұмсайды?

Ұлттық қор дегеніміз не және ол қалай жиналады?

Ұлттық қор болашақ ұрпаққа, экономиканы тұрақтандыруға, тұрақты дамуға, сыртқы факторлардың ықпалына тәуелділікті азайту үшін керек. Осы мақсатта 2000 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ұлттық қорды құрды.

Экономист Оразалы Сәбденнің айтуынша, Ұлттық қордың о бастағы мақсаты іске аспады.

- Ұлттық қорды тек қатты экономикалық күйзеліс уақытында пайдалануымыз керек еді. Алайда оны кез келген дүниеге жаратып жатырмыз. Ол сарқылған жағдайда немен күн көреміз? Біз әлі күнге дейін шикізат экономикасымен жүріп келеміз. Экономика диверсификациясы жасалмай, инновациялық өндіріс өнбей, еш уақытта алға жылжи алмаймыз, - дейді экономист.

2000 жылдан 2014 жылға дейін қордағы қаржы тек көбейіп отырған. Төрт жыл бұрын ол өзінің жоғары межесіне жетті. Сол кезде қор резерві $77,2 млрд болды. Алайда одан кейін қордағы ақшаның азайғанын ғана көріп келеміз.

Сарапшылардың сөзінше, Ұлттық қордағы қаржыны еселеудің жолдары сарқылып барады.

- Қазба байлықтан түскен қаражатты пайдаланып келдік қой. Ары қарай да оның өндірісін көбейту керек. $50 болса да, ақша түсіп жатыр. Одан кейін жемқорлықпен ұсталғандар бар. Ол – халықтан ұрланған ақша. Сондықтан оны Ұлттық қорға салу керек. Осындай тетіктерді табу қажет», - деген ұсыныс жасады Оразалы Сәбден.

Ұлттық қордағы қаражат түрлі жолмен жиналады. Атап айтар болсақ:

1) мұнай секторы ұйымдарының тура салықтарынан;

2) мұнай секторы ұйымдары жүзеге асыратын операциялардан түсетін басқа кірістерден;

3) тау-кен өндіру мен өңдеу салаларына жататын мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден құйылатын түсімдерден;

4) ауыл шаруашылығына арналған жер учаскелерін сатудан түсетін қаржыдан.

Сыртқы қарыз. Соңғы төрт жылдағы Ұлттық қордың жағдайы

2014 жылы Ұлттық қордағы қаржы $77,2 млрд-қа жеткенін сөз басында айттық. Қазақстанның халықаралық резервтері 2015 жылы 10,61 пайызға, яғни 91,581 миллиард долларға қысқарды. 2015 жылы Қазақстанның жалпы халықаралық резервтері былтыр 1,08 пайызға, яғни  20,073 миллиард долларға дейін кеміген.

Ал 2016 жылы Ұлттық қордағы қаржы $102 миллионға ортайды.  Дәл сол жылы Ұлттық экономика министрлігі Ұлттық қорға қатысты болжамдарымен бөліскен. Мәселен, 2019 жылы Ұлттық қордың активтері $63,4 миллиардтан  $50,7 миллиардқа дейін қысқаруы мүмкін екенін айтқан.

Сонымен қатар, 2016 жылы ҚР Ұлттық экономика министрлігі Ұлттық қордан алынатын трансферттер көлемі оның кірісінен артық болатынын мәлімдеген. Осыған байланысты, 2018 жылдан бастап Ұлттық қордан алынатын қаражат қысқаратыны да айтылған.

Ұлттық банктің Qamshy.kz-ке берген мәліметіне жүгінсек, 2017 жылы Ұлттық қордағы ақша $89,3 миллиард болған.

«2017 жылғы қыркүйекте Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтері 32,2 млрд. АҚШ долларын құрады. Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін (57,1 млрд. АҚШ доллары) қоса алғанда, 2017 жылғы қыркүйектің соңында елдің халықаралық резервтері тұтастай алғанда 89,3 млрд. АҚШ долларын көлемін құрады», - деп көрсетілген Ұлттық банк мәліметінде.

Кейбір сарапшылар сыртқы қарыздың көбеюі Ұлттық қор қаржысының азаюына әкеп соғады деген пікірде.

- Қазақстан – әлем бойынша қарызы көп елдің бірі. Шетелге қарызды қайтаратын қаражат табылмаса, бюджеттегі қаржы халықты асырауға жетпесе, Ұлттық қорға қол сұғады. Ал қарыз уақытында қайтарылмаса, өзге елдер халықаралық сотқа шағымдана алады. Бірақ қандай жағдай болса да, Ұлттық қорға тиіспеу керек, - дейді Оразалы Сәбден.

Экономист Ұлттық қор қаражатын толтыру үшін офшор туралы заң шығарып, шетелдегі қаражатты қайтару керегін де атап өтті.

- Мұнай бағасы енді ғана тұрақтанып, жағдай сәл-пәл жақсарды. Бірақ экономикалық мәселелер шешілді деуге келмейді. Мемлекеттің ақшасын триллиондап, миллиардтап банкке саламыз. Осындай үлкен қателік жасап жатырмыз. Қордың ақшасын жұмсағанша, Елбасы айтқандай, шетелдегі ақшаны қайтару керек. Президент айтты екен деп ешкім ақшаны қайтармайды. Сондықтан офшор туралы заң қабылдау керек те, шетелдегі ақшаны алып келуге жағдай жасау қажет, - дейді экономист.

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


  • 6 ай бұрын

    айтады екенсің ұрлаған дүниесін қайта әкеледі деп. ол үшін ұры өзі ұрлаған дүниесін қайтаруы керек әйтпесе ешкімде маңғыт ауызға саңғыт дегендей аман есен шетке шығарған қаржысын әкелмейді.

    • 6 ай бұрын

      Біздегі клептократтардың шетелдердегі шоттарында қанша миллиард жатыр екен десеңізші! Орасан байлық екені даусыз. "Кремль тізімі" сияқты бір тізім жасалу қаупі болса ғана ол ақшаның елге қайта бастауы мүмкін.

      • 6 ай бұрын

        Жекеменшік банктер Ұлттық қордан алған қаржыларын қашан қайтарады екен?

        1
        Кәсіпкер Ресейде 48 адамды ажалдан арашалаған семейлікке 1 млн теңге берді
        15/08 11:28 0 16
        2
        "16 жастағы жігіт құлдықта": полиция тексеру жұмыстарын жүргізді
        15/08 10:34 0 68
        3
        Абай ауылында зорланған 7 жастағы баланың ісіне қатысты жаңа дерек
        15/08 10:08 0 178
        Намаз оқыған оқушыларды балағаттаған мұғалім халықтан кешірім сұрады
        14/08 21:20 0 144
        Норвегияда қазақты орыспен шатастырып, үрке қарайды
        14/08 17:45 0 1409

        Таныстырылғандар

        Алматыда биыл 300-ге жуық жеделсаты жаңартылады
        Алматыда биыл 300-ге жуық жеделсаты жаңартылады
        Алматыда биыл 300-ге жуық жеделсаты жаңартылады
        Осы уақытқа дейін қалада 130-дан астам көпқабатты үйдің лифтісі жаңартылған
        24/07/2018 16:11 0 550
        «7-20-25» бағдарламасы жүзеге аса бастады
        «7-20-25» бағдарламасы жүзеге аса бастады
        «7-20-25» бағдарламасы жүзеге аса бастады
        Жаңа бағдарлама өңірлерде жемісті жүзеге аса бастады.
        28/07/2018 12:00 0 875
        2020 жылдан бастап қазақстандықтар табыс декларациясын тапсырады
        2020 жылдан бастап қазақстандықтар табыс декларациясын тапсырады
        2020 жылдан бастап қазақстандықтар табыс декларациясын тапсырады
        Құжатты «250-ші форма» деп атайды.
        30/07/2018 17:55 0 572
        Қазақстан банктерінің рейтингі — 2018 жасалды
        Қазақстан банктерінің рейтингі — 2018 жасалды
        Қазақстан банктерінің рейтингі — 2018 жасалды
        Тізімнің басында бұрынғыша «Қазақстан халық банкі» АҚ тұр.
        31/07/2018 10:39 0 600
        Қазақстан өңірлері бойынша жұмыс күшінің қозғалысы
        Қазақстан өңірлері бойынша жұмыс күшінің қозғалысы
        Қазақстан өңірлері бойынша жұмыс күшінің қозғалысы
        Екінші тоқсанның соңына ірі және орта кәсіпорындармен ұйымдарда 31,4 мың бос жұмыс орын бар екенін мәлімдеген.
        31/07/2018 14:53 0 441
        "7-20-25" бойынша қанша қазақстандық баспаналы болады?
        "7-20-25" бойынша қанша қазақстандық баспаналы болады?
        "7-20-25" бойынша қанша қазақстандық баспаналы болады?
        2018 жылдың 4 шілдесінен бастап Қазақстанда "7-20-25" ипотекалық бағдарламасы іске қосылды.
        31/07/2018 16:43 0 610
        Қазақстанда электронды сауда нарығы  30%-ға өсті
        Қазақстанда электронды сауда нарығы 30%-ға өсті
        Қазақстанда электронды сауда нарығы 30%-ға өсті
        Биылғы жылы мамандардың айтуынша онлайн сатылым мен онлайн қызмет көрсету кем дегенде екі есе ұлғаяды.
        01/08/2018 15:04 0 546
        Сарапшы: Адами капитал – мемлекетті дамытатын қозғаушы күш
        Сарапшы: Адами капитал – мемлекетті дамытатын қозғаушы күш
        Сарапшы: Адами капитал – мемлекетті дамытатын қозғаушы күш
        Адами капитал экономиканы қозғайтын күш. Ол кез келген компанияның дамуына әсер етіп, табысты арттырады.
        01/08/2018 14:33 0 366
        Үміт Шаяхметова: Банк қалыпты жағдайда қызмет атқаруда, ақша қаражаты жеткілікті
        Үміт Шаяхметова: Банк қалыпты жағдайда қызмет атқаруда, ақша қаражаты жеткілікті
        Үміт Шаяхметова: Банк қалыпты жағдайда қызмет атқаруда, ақша қаражаты жеткілікті
        Дегенмен, алаңдауға еш себеп жоқ. Қос банк бірікті
        02/08/2018 17:36 0 1440
        Halyk + Qazkom: нәтижесі қосындыдан да артық
        Halyk + Qazkom: нәтижесі қосындыдан да артық
        Halyk + Qazkom: нәтижесі қосындыдан да артық
        Біріктірілген банк клиенттері үшін ниеттестік бағдарламасының өрісі да кеңейе түспек.
        02/08/2018 17:44 0 1303
        Қазақстанның халықаралық резерві бір айда 2,3 миллиард долларға азайған
        Қазақстанның халықаралық резерві бір айда 2,3 миллиард долларға азайған
        Қазақстанның халықаралық резерві бір айда 2,3 миллиард долларға азайған
        Алтын валюталардың көлемі 1,07% (+2,39%) қысқарып, 12,796 млрд долларды құрады.
        08/08/2018 12:09 0 319
        Шілде айында тұрғын үйді сатып алу мен жалдау құны жоғарылады
        Шілде айында тұрғын үйді сатып алу мен жалдау құны жоғарылады
        Шілде айында тұрғын үйді сатып алу мен жалдау құны жоғарылады
        Абаттандырылған тұрғын үйді жалға алу төлемі 0,5%-ға жоғары болды.
        08/08/2018 12:19 1 316
        1$ - 354 теңге: Теңге әлсіреп жатыр
        1$ - 354 теңге: Теңге әлсіреп жатыр
        1$ - 354 теңге: Теңге әлсіреп жатыр
        Сарапшылардың айтуынша, Ресей валютасының әлсіреуі АҚШ-тың Ресейге салған санкцияларының әсерінен болып отыр.
        09/08/2018 11:26 0 357
        Теңге құнсыздануының себебі неде?
        Теңге құнсыздануының себебі неде?
        Теңге құнсыздануының себебі неде?
        Шетелдік инвесторлардың портфельдік инвестициялары Қазақстанның валюта нарығына әсер ету факторы ретінде жеке ескеруді талап етеді.
        09/08/2018 11:45 0 259
        7-20-25 бағдарласының орындалу барысы қандай? Бәрімізді баспанамен жарылқай ма?
        7-20-25 бағдарласының орындалу барысы қандай? Бәрімізді баспанамен жарылқай ма?
        7-20-25 бағдарласының орындалу барысы қандай? Бәрімізді баспанамен жарылқай ма?
        Неге ипотекалық несие алушы алдымен көбейтілген, күшейтілген түрде пайыз қосылған төлем жасауға міндетті?
        10/08/2018 19:36 6 1536