• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 04:27:08
Алматы
+35°

26 Ақпан, 2019 Экономика

Ұлттық экономика министрі Руслан Даленов: Бюджет тиімді жұмсалады

Әрбір теңге пайда әкелу үшін стратегиялық бюджетпен теңестіреміз. Бюджет тиімді жұмсалады.

Елімізде доллар 2 теңгеге қымбаттады. Бүгінгі күні доллардың бағасы 378,28 теңгені құрап отыр. 26-ақпандағы таңғы есеп бойынша сауданың бағасы 19,5 млн долларды құрайды. Кешегіден доллардың бағасы 2.11 теңгеге өскен.

Ақша айырбастау пунктерінде долларды 377-377.5 теңгеге сатып алып, 378.5-379,5 теңгеге сатады.

Елде жаңа сайланған бірқатар министр Қазақстан Республикасына адал қызмет етуге ант берген болатын. Ұлттық экономика министрі Руслан Даленов елдің экономикалық және қаржылық жағдайын көтеруді  уәде етті. Журналистердің қойған біраз сұрағына  Руслан Даленов:

«Су, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет мекемелеріне стандарттар әзірлеуіміз керек. Бюджеттің кіріс бөлігін нығайтамыз. Салық кодексіне өзгерістер енгіземіз. Көлеңкелі экономиканың деңгейін төмендетуге тырысамыз. Қолма-қол ақшасыз айналымды ынталандыратын боламыз. Әрбір теңге пайда әкелу үшін стратегиялық бюджетпен теңестіреміз. Бюджет тиімді жұмсалады» - деп жауап берді.

 Аударған: Әсем Мерекеқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір