• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 20:27:58
Алматы
+35°

09 Қараша, 2018 Оқиғалар

Үлкен кісіге қол көтерген Түркия азаматының үстінен Алматы полициясы шағымданды

Талап – Түркия азаматын Қазақстаннан қуу және қылмыстық жауапкершілікке тарту.

Жедел жәрдем жүргізушісін ұрып, өзін тәрбиесіздігін көрсеткен Түркия азаматы Әли Демирдің қылығы біраз уақыт бойы жаңалықтар лентасынан түспеді. Кешірім сұрап, ақыры екі жақтың татуласуымен аяқталған бұл іс шын мәнінде әлі тәмам болмапты.

♦Үлкенге қол көтерген бұзақы Түркия азаматы болып шықты (видео)

Алматы қаласының полиция басқармасының баспасөз қызметі Әли Демир Қазақстаннан депортациялануы мүмкін деп хабарлаған болатын. Жол жүру ережесіне бағынбай, миграция заңын бұзған түркиялықтың үстіне енді 2 қараша күні полиция Алматы қаласындағы соттардың біріне шағым түсірді. Талап – Түркия азаматын Қазақстаннан қуу және қылмыстық жауапкершілікке тарту.

♦Үлкенге қол көтерген Түркия азаматы кешірім сұрады (видео)

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір