• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 11:13:25
+35°

02 Тамыз, 2017 Оқиғалар

Ұлыбританияның банк қызметкерлері ереуілге шықты

Англияда банк қызметкерлері соңғы 50 жылда алғаш рет ереуіл ұйымдастырды

Англияда банк  қызметкерлері соңғы 50 жылда алғаш рет ереуіл ұйымдастырды. Жоспарға сәйкес ереуіл 3 күнге созылуы тиіс. Наразылық шарасына банктің жинап тазалаушылары мен қауіпсіздік қызметінің мамандары қатысуда, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ мәліметіне сүйеніп.

 Ереуілге шыққандардың  талабы бір. Наразы топ жалақыларын көтеруді сұрап отыр. Жалпы бұл қаржы мекемесі Ұлыбританияның орталық банкі саналады. Онда 3 жарым мыңнан астам адам жұмыс істейді. Ал ереуілге солардың тек 2 пайызы ғана шыққан.

Сондықтан банк басшылығы: «Наразылық акциясы мекеме қызметіне кесірін тигізбеуі тиіс», – деп отыр. Дегенмен ашуға мінген жұрттың талабын тыңдауға дайын екенін жеткізді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір