• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 02:31:41
Алматы
+35°

10 Тамыз, 2018 NEWS

Ұлыбритания патшайымы ақтөбелік тұрғынның хатына жауап берді

Ақтөбе тұрғыны Зарина Ахметжан II Елизаветаға хат жазып, одан бірнеше айдан кейін жауап алды.

Британия патшайымы қазақстандық қызбен кездесе алмайтынын жеткізді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі sputniknews.kz сайтына сілтеме жасай отырып. 

Ақтөбе тұрғыны Зарина Ахметжан II Елизаветаға хат жазып, одан бірнеше айдан кейін жауап алды. Патшайым қазақстандықпен жеке кездесуден бас тартқанына қарамастан, ол Англияда оқуды армандауын жалғастыра бермек. 

II Елизаветаға хат жазу идеясы Зарина Ахметжанға кездейсоқ келген. Бала күнінен ағылшын мәдениетіне қызығушылық танытқан қыз, мектепте жүргенде-ақ Англияға баруды алдына мақсат етіп қойыпты.  

Ол бірнеше жыл бойы ағылшын тілін үйреніп, мемлекеттің тарихы мен халықтың дәстүрімен танысқан. Тілді еркін меңгергенін түсінген кезде патшайымның өзіне хат жазып, жеке кездесу өткізуді өтінеді. 

"Бір ай жазсам ба, жазбасам ба деп ойланып жүрдім", — деді Зарина. 

Сонымен бірге, Заринаның өзінің айтуынша, Букингем сарайынан жауап аламын деп үміттенбеген. Алайда патшайымның аты-жөнінің бас әріптері жазылған конвертті алғанда қатты таңғалыпты.    

"Ол (II Елизавета) менің хатымды бағалайтынын, алайда кездескісі келетін адамдардың барлығымен кездесуге мүмкіндігі жоқ екенін жазды", — дейді Зарина.

Соған қарамастан Ұлыбритания патшайымы хатпен бірге естеліке өзінің суретін салып жіберіпті. 

Енді Зарина Ахметжанның Англияда оқуға деген ықыласы одан сайын арта түсті. Қазірдің өзінде емтиханға тиянақты дайындалып жатыр, бала күнінен армандаған елде оқу үшін қолдан келгеннің бәрін жасап көрмек.  

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір