• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 11:00:40
Алматы
+35°

31 Шілде, 2017 Оқиғалар

Ұлыбритания 150 адамды азаматтығынан айырды

Жыл басынан бері 40 азаматтың төлқұжатының күші жойылған

Ұлыбритания билігі елден кетіп, экстремистерге қосылған 150-ден астам адамды азаматтығынан айырып, елге кіруге тыйым салды. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ мәліметіне сүйеніп хабарлайды. Олардың көбі Сириядағы «Ирак және Левант лаңкестік ұйымына» қосылған ер-азаматтар мен содырларға тұрмысқа шыққан бойжеткендер.

Арнайы қызметтің мәліметіне қарағанда, жыл басынан бері 40 азаматтың төлқұжатының күші жойылған. Бұған дейін қауіпсіздік органы Сирияға барып қайтқан 350 азаматты қара тізімге енгізгені туралы хабарлаған болатын.

Ал жалпы қақтығыс аймағына 850 адам сапар шегіп, олардың 15%-ы сол жақта қаза тапты. Қазір ел аумағында лаңкестік жасауы мүмкін деген күдікпен 3 мыңға жуық азамат бақылауға алынған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір