• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 02:59:19
Алматы
+35°

31 Қазан, 2018 Әдебиет

Ұлы ақынның қолы тиген заттарды көріп, эмоцияға тойып қайттым

Қабырғадан Абай атамызға қызмет еткен үш кісінің суретін көрдік

Үй жеті бөлмелі, қателеспесем. Əр бөлме туралы егжей-тегжейлі @balamendana-ға - "Ұлан" газетіне жаздық. Екінші сурет "Абай қараған айнадан". Үшіншіде Абай атамыздың протез тісі мен жанынан тастамаған күміс сағаты.

Ұлы ақынның қолы тиген заттарды көріп, эмоцияға тоойып қайттым.
Қабырғадан Абай атамызға қызмет еткен үш кісінің суретін көрдік. Олар: ерлі-зайыпты Қатпа мен Мақып Қорамжановалар және Мұхтар Бәшеев. 1971 жылы осы мұражай салынғанда Мақып апаның көмегімен қай жерде қандай заттың тұрғанын біліп, бәрін Абайдың кезіндей жасап қойған. Абай атамызға бес жыл қызмет етіп, шәйін құйып берген осы Мақып апа. Естелігінде былай деген екен: «Абайдың омырау тұсында күміс сағаты жүретін. Отырғанда көйлегін киіп отырады. Тысқа шыққанда костюмдерін киеді. Сары тоны болды. Соны иығына жабамыз. Аяғына мәсілі калош киеді. Басына дөңгелек бөрік киеді. Қыста саптама етік киетін. Асты асүйде ішетін де, қонақ келгенде қонақ бөлмеге өтетін. Сиырдың сүтін пісіріп, машинаға тартқызып соны ішеді. Бірер стақан ғана шәй ішеді. Еттен екі-үш жапырақ қана жейді. Артынан хаһрім дейтін айранды қосып аздап сорпа ішетін. Бастарына бір-бір жастық береміз, соған қисаятын. Еркежанның киімі көп еді. Бірақ үйде қарапайым киінетін. Оқалаған камзолы сандықта жататын.

Үйдің асты-үсті сары тақтай болатын. Шошалаға қамыр илейміз, бір пісіргенде бір қап бауырсақ пісіретінбіз. Кісі көп. Не керек пісіргеніміз бір-екі-ақ күнге жететін». Музей салынып біткен соң бір жылдан кейін қайтыс болған екен. 

Таңшолпан Төлеген

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

АБАЙ ТҰРҒАН ҮЙДЕ Үй жеті бөлмелі, қателеспесем. Əр бөлме туралы егжей-тегжейлі @balamendana-ға - "Ұлан" газетіне жаздық. Екінші сурет "Абай қараған айнадан". Үшіншіде Абай атамыздың протез тісі мен жанынан тастамаған күміс сағаты. Ұлы ақынның қолы тиген заттарды көріп, эмоцияға тоойып қайттым. ************************ Қабырғадан Абай атамызға қызмет еткен үш кісінің суретін көрдік. Олар: ерлі-зайыпты Қатпа мен Мақып Қорамжановалар және Мұхтар Бәшеев. 1971 жылы осы мұражай салынғанда Мақып апаның көмегімен қай жерде қандай заттың тұрғанын біліп, бәрін Абайдың кезіндей жасап қойған. Абай атамызға бес жыл қызмет етіп, шәйін құйып берген осы Мақып апа. Естелігінде былай деген екен: «Абайдың омырау тұсында күміс сағаты жүретін. Отырғанда көйлегін киіп отырады. Тысқа шыққанда костюмдерін киеді. Сары тоны болды. Соны иығына жабамыз. Аяғына мәсілі калош киеді. Басына дөңгелек бөрік киеді. Қыста саптама етік киетін. Асты асүйде ішетін де, қонақ келгенде қонақ бөлмеге өтетін. Сиырдың сүтін пісіріп, машинаға тартқызып соны ішеді. Бірер стақан ғана шәй ішеді. Еттен екі-үш жапырақ қана жейді. Артынан хаһрім дейтін айранды қосып аздап сорпа ішетін. Бастарына бір-бір жастық береміз, соған қисаятын. Еркежанның киімі көп еді. Бірақ үйде қарапайым киінетін. Оқалаған камзолы сандықта жататын. Үйдің асты-үсті сары тақтай болатын. Шошалаға қамыр илейміз, бір пісіргенде бір қап бауырсақ пісіретінбіз. Кісі көп. Не керек пісіргеніміз бір-екі-ақ күнге жететін». Музей салынып біткен соң бір жылдан кейін қайтыс болған екен. #ШығысҚазақстан #Абайауданы #Абайтұрғанүй

Публикация от Tangsholpan Tolegen (@tangsholpan_tolegen)

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір