• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 12:17:33
Алматы
+35°

18 Тамыз, 2018 NEWS

«Ұлан» газетінің бас редакторы Сұлтан Қалиұлы қайтыс болды

Ол 1943 жылы Жамбыл ауданы Сеңгірбай ауылында дүниеге келген.

«Ұлан» газетінің бас редакторы белгілі жазушы Сұлтан Қалиұлы қайтыс болды, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Ол 1943 жылы Жамбыл ауданы Сеңгірбай ауылында дүниеге келген.  Еңбек жолын Жамбыл ауданы орта мектептің мұғалімдігінен бастап, Қазақ радиосының музыка, балалар редакцияларында аға редакторы, республикалық «Балдырған» журналында жауапты хатшы, «Ұлан» газетінің бас редакторы болып қызмет атқарған.

«Сыныққа сылтау», «Өлеңдер», «Дүрбі», «Қасиетті тақия», «Сәлем саған, мектебім», «Кішкентай астрономдар», «Теміртесер», «Бақыт деген не?», «Мен мектепке барамын», «Әйт, шу, тұлпарым», «Қандай болып өсемін?» және т.б. көптеген жинақтары шықты. Сонымен бірге  «Төлебай Әжімов», «Баспалдақ» прозалық жинақтары да бар. С.Маршак, С.Михалков,Р.Гамзатов, Р.Киплинг, Бақытжан Момышұлы, Я.Колас, А.Барто, Я.Бжелва, А.Ж. Родари, Я.Аким,Б.Заходер, Қ.Мұхаммади, Қ.Тәңірқұлиев, Б.Асанәлиев, Т.Самудинов, А.Рахмад,Ш.Биккол, т.б. шығармаларын қазақшаға аударды

Марқұмның туған-туыстарына ҚР Мәдениет және спорт министрі көңіл айтты.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір