• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 13:26:59
Алматы
+35°

05 Желтоқсан, 2018 Спорт

UFC-дегі қазақ жігітінің мүмкіндіктері: Хабиб, Конор, Тони?

UFC-дегі алғашқы жеңістен кейін ресейлік қазақ Дамир Исмағұловтың алдынан үлкен мүмкіндіктер ашылды.

UFC-дегі алғашқы жеңістен кейін ресейлік қазақ Дамир Исмағұловтың алдынан үлкен мүмкіндіктер ашылды. Бастысы ендігі амалдарға сауаттылықпен көшу керек деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі vesti.kz сайтының дерегін негізге алып.  Дегенмен UFC басшысы Дана Уайттың басты файтерлері тізіміне кіру өте қиын. Әсіресе Исмағұловтың салмағында қиынға соғатыны анық.  

Жалпы UFC-ге ілігу үшін барынша еңбектеніп, екінші деңгейлі промоушендерде үздік атану қажет. Чемпион болып, өз-өзіңді барынша көрсете алу керек. 

Бұл көпшілікке белгілі, ең сенімді жол. Дегенмен мықты файтер болмай-ақ та UFC-ге апаратын  соқпақтар бар. 

Бұл промоушен тарихында медиалық тұрғыдан танымал файтерлердің UFC аясында жұдырықтасқанын көрсететін мысалдар жетерлік. Тіпті чемпиондық атаққа да таласатында жиі кездеседі. Бұл үшін әрине тартымдылық, мықты трэшток керек. Дегенмен, жұдырықтаса алу қабілеті көбірек маңызға ие әрі көптеген мүмкіндікке жол ашады. 

Исмағұлов жұдырықтасып, октогондағы еңбегі арқылы танылған файтер.  Енді ол тек октогон ішінде ғана емес, оның сыртында да имидж жасағаны жөн. 

Алғашқы жекпе-жегін жеңіл салмқата өткізді. Алайда ол кейін жартылай жеңіл дивизионға өту туралы ойын айтты. Екі дивизионда да мықтылар жетіп артылады. Кімді алсаң да, жыртқыштай атылып тұр. Сондықтан мұнда топ-3 тізіміне жету үшін талай сынаққа шыдам қажет. Мәселен Хабиб Нурмагомедов өз сәтін жылдар бойы күтті. 

Ресейлік жеңіл салмақта ұйым чемпионы. Одан кейін Тони Фергюсон (АҚШ), Конор МакГрегор (Ирландия), Дастин Порье (АҚШ), Кевин Ли (АҚШ), Эдсон Барбоза (Бразилия), Нейт Диас (АҚШ), Джастин Гэтжи (АҚШ) және басқалары тұр. Мұндағы аталған үш файтер ТОП-15 P4P рейтингінде - Хабиб, Конор және Тони. 

Жартылай жеңіл дивизионды гавайлық Макс Холлоуэй бастап тұр. Сондай-ақ, Брайан Ортега (АҚШ), Жозе Альдо (Бразилия), Фрэнки Эдгар (САҚШ), Ренато Мойкана (Бразилия), Чад Мендес (АҚШ) те мықтылар санатында. Жалпы екі дивизион да оңай емес.

Әлбетте, бұл файтерлермен жекпе-жек өткізу әлі ерте. Исмағұловқа оларды бірден бере қоймайды, оның үстіне Дамир әлі бейімделеді, оған қарсы лайықты қарсыластар қояды. Исмағұловтың қазіргі келісімшарты үш-төрт жекпе-жекке есептелген. Міне осы уақытта ол өзін танытып, келісімді ұзартуы қажет. 

Еске салайық, Аустарлияның Аделаиде қаласында өткен UFC Fight Night 142 турнирінде Исмағұлов жергілікті файтер Алекса Горджес жеңді. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір