• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 06:02:57
Алматы
+35°

Қарағанды облысы аудандық білім департаментінің басшысы Айнагүл Ақмағамбетова жазаланады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Hola News сайтына сілтеме жасап.

Тестілеу наурыз айында өткен. Абитуриенттердің бірінің анасы Айнагүл Ақмағанбетова мемлекеттік комиссияның төрайымы болыпты. Ақмағанбетованың қызы ҰБТ-ны телефонның көмегі арқылы тапсырып шығып, 103 балл жинаған.

Алайда ережеге қарсы келетін әрекет бірден анықталмаған. Мемлекеттік қызмет департаментінің мамандары видеоны көру барысында заң бұзушылықты анықтады. Емтихан кезінде жауап қабылданып қойғандықтан, ҰБТ нәтижелері жойылмады. Сондықтан қыздың баллы сол қалпында қалды.

Бірақ мектеп түлегі мемлекенттік грантқа таласа алмайды. Оның тапсырған тесті ақылы бөлімге арналған. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басқармасының басшысы Жандос Сәрсенов аудандық білім бөлімінің басшысын жаза күтіп тұрғанын айтты.

Ұсынған: Маржан Сәбет

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір