• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

18 Сәуір, 11:58:19
Алматы
+35°

17 Мамыр, 2019 NEWS

Тимур Құлыбаев Халықаралық Олимпиада Комитетінің Комиссия мүшесі болып тағайындалды

Комиссия құрамына ХОК Атқарушы комитетінің мүшелері, ҰОК басшылары, халықаралық федерациялар мен спорттық ұйым жетекшілері кіреді...

Халықаралық Олимпиада Комитетінің басшысы, доктор Томас Бах Қазақстан ҰОК президенті Тимур Құлыбаевқа хат жолдап, оны қоғаммен байланыс және спорт арқылы әлеуметтік даму жөніндегі (Public Affairs and Social Development through Sport Commission, PASD) ХОК Комиссиясының мүшесі атануымен құттықтады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Сізді PASD комиссиясының мүшесі етіп тағайындағаныма қуаныштымын. Сізге әріптестігіңіз үшін алғыс айта отырып, жақын арада кездесетінімізге сенімдімін» делінген хатта.

Аталған комиссия бұған дейін халықаралық қатынастар жөніндегі Комиссия деп аталатын. PASD негізгі міндеттері қатарына ХОК сессияларын өткізу, ұйымның атқарушы комитеті мен ХОК президентіне әлемдегі Спорт пен Олимпизм рөлін дамыту стратегияларын түсіндіру, Олимпиадалық қозғалысты дамыту, БҰҰ және Олимпиадалық ойындардан бөлек өзге де ұйымдармен байланыс орнату жөнінде кеңес беру жатады.

Комиссия құрамына ХОК Атқарушы комитетінің мүшелері, ҰОК басшылары, халықаралық федерациялар мен спорттық ұйым жетекшілері кіреді. Атап айтар болсақ, Халықаралық жеңіл атлетикалық федерациялар Қауымдастығының IAAF басшысы Себастьян Коэ мен Халықаралық триатлон федерациясының ITU президенті Марисоль Касадо және тағы басқа да танымал спорт тұлғалары. Комиссияға ХОК мүшесі әрі Америкааралық даму банкінің басшысы, Бүкіләлемдік экономикалық форум Қоры басқармасының мүшесі, колумбиялық Морено Луис Альберто жетекшілік етеді.

Қазақстан ҰОК басшысы 24 мамыр күні Лозаннада (Швейцария) өтетін Ұлттық Олимпиадалық комитеттер Қауымдастығы (ҰОКҚ) атқарушы комитетінің 78-ші отырысына қатысады деп жоспарлануда.

Еске сала кетейік, былтыр жыл соңында өткен ҰОКҚ Бас Ассамблеясының отырысында Т. Құлыбаевты 2022 жылға дейінгі ҰОКҚ Атқарушы комитетінің мүшесі етіп тағайындаған болатын. Үміткерлер әлемдегі барлық 206 ҰОК арасынан қарастырылды. Атқарушы комитет құрамына құрлықтық қауымдастықтар ұсынған 24 маңызды спорттық функционер енген болатын.  Сондай-ақ, Тимур Құлыбаев Азия Олимпиадалық Кеңесінің вице-президенті. Ол осы қызметіне биылғы мамырда қайта тағайындалды.

Ұсынған: Маржан Сәбет

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір