• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 08:09:52
Алматы
+35°

21 Ақпан, 2019 Оқиғалар

Туыстарына әскери өмірдің ұнағанын айтқан сарбаз өз-өзін атып өлтірген

Қарағандыдағы №6505 әскери бөлімінде оққа ұшқан сарбаздың денесі табылды

Қарағандыдағы №6505 әскери бөлімінде оққа ұшқан сарбаздың денесі табылды деп хабарлады Qamshy.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасының дерегін негізге алып.

Бұл жолы да қаза тапқан жаңа шақыртылған жап-жас жауынгер. Әскерилер оны да «өзін атып өлтірді» деп отыр. Дегенмен, қаралы хабардан қабырғасы қарс айырылған туыстары сарбаздың суицид жасағына сенбейді. Себебі, марқұм алдыңғы күні ғана үйіне хабарласып, әскери өмірдің ұнап жатқанын айтқан.

Таң атпастан суыт хабар естіген ана қайта-қайта есінен танып жатыр. Ал, жетпістегі әжесі болса сенбей, немересіне қоймай қоңырау соғуда. Айтуынша, жақында ғана әскерден хат алған екен. Онда сарбаз Ұлттық ұланды жер-көкке сыйғызбай сипаттап, командирлерімен мақтанған. Одан қалды, алдыңғы күні ғана анасына қоңырау шалып, әскери өмірдің ұнап жатқанын айтқан. Дегенмен, солай деген сарбазды басшылары «суицид жасады» деп сендіріпті. 

«Қатардағы Әліби Сапа өз-өзіне қол-жұмсап, қару арқылы мерт болғаны анықталды. Көңіл-күйі жақсы болған еді. Кенеттен болған жағдай. Ондай ойы жоқ болатын. Бәріміз таң қалып отырмыз», - дейді 6505 әскери бөлім командирінің орынбасары Мақсұт Жүсіпбеков.

Жалпы, 6505 әскери бөлімдегілер жауынгерлерінің өліміне жылда таң қалып жүрсе керек. Өйткені, 2013-те де, 2014-те де мұнда бірнеше сарбаз өлген. Онда да өз-өзіне қол жұмсады делінген. Оның біреуі асылған күйі табылса, қалғаны оқ жарақатынан өлген.  Ал 18 жастағы Әліби Сапаның қазасына қатысты тергеу басталып та кетті. 

Оққа ұшқан сарбаздың денесі таңғы 7:40-та табылыпты. Айналасы жиырма минуттың ішінде сараптама жасап тастағандай, әскери бөлімдегілер «бала өз-өзін атып өлтірді» деген шешім шығарып қойған дейді туыстары.

Ұсынған: Әсел Болатқызы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір