• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 15:55:56
Алматы
+35°

12 Желтоқсан, 2018 Тарих

Туғанына 100 жыл болған Қасым Қайсенов туралы естеліктер (фото)

Еліміз КСРО империясынан босап, өз алдына жеке ел болып, тәуелсіздік алған күннен бері, өшкеніміз жанып, өлгеніміз  тіріліп, осылайша қайта түлеп...

Еліміз КСРО империясынан босап, өз алдына жеке ел болып, тәуелсіздік алған күннен бері, өшкеніміз жанып, өлгеніміз  тіріліп, осылайша қайта түлеп, өз қолымыз  өз аузымызға жетіп,  өз тарихымыз бен  тарихты жасаушы,  тарихи  тұлғаларымызды  еске  алып,  олар  туралы  айтуға  тың тарихи мүмкіндік туды. Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары 1995 жыл ЮНЕСКО көлемінде Абай бабамыздың 150 жылдығы, 1996 жыл ел ішінде Жамбыл атамыздың 150 жылдығы, 1997 ж  Мұхтар Әуезовтың  100 жылдығы аталып өтілді. Осылайша тәуелсіз қазақ халқының әр жылы, әр түрлі тарихи тұлғалар  мерейтойларына  арналған  торқалы жылдар болып келеді.                                

Биылғы 2018 жылда  осындай  мерейтойларға  толы жыл. Семей қаласының  300  жылдығы. Шекерім  Құдайбердіұлының  туғанына 160 жыл, Ахмет Байтұрсыновтың 145 жылдығы, Әміре Қашаубаевтың 130 жылдығы  және т.б мерейтойлармен  қатар  республика  бойынша  барлық аудандардың  құрылғанына  90 жыл. Сонымен бірге  биыл  Қазақстанның   Халық қаһарманы, Халықаралық Фадеев атындағы сыйлықтың  лауреаты, әйгілі партизан, көрнекті жазушы  II – ДЖС тың ержүрек батыры, көзі тірісінде аты аңызға айналған халқымыздың қайталанбас біртуар перзенті Қасым Қайсеновтың туғанына 100 жыл.

Осы мақаланы  жазудағы мақсатым Қасым атамыздың, біздің  Ақжар ауылында  бірнеше  рет  болғандығы туралы.  Қасым атамыз алғаш рет, 1968 жылы  ауылымыздың  ардагері,  әйгілі  партизан Шапатов Манап атаның шаңырағында болды. Манап ата  II – ДЖС тың батыс майданында, Беларуссия жеріндегі Гомель  облысын азат етуге қатысқан  партизан отрядының  белді  мүшесі болған . Манап атаның жолдасы Дарабаева Қанипа апамыз Қасым  атамыздың  жерлесі  бірге оқыған сыныптасы болған екен. Қаһарман  атамыздың  Манап атаның үйінде болғандығын бүгінде ауыл ақсақалдары аңыз етіп айтады.

Екінші рет Қасым ата 1991 жыл, халқымыздың батырлар оянған жылы ауылымызда  өткен үлкен мерейтой, Қаракерей Қабанбай батырдың  300 жылдығына келді. Ал үшінші рет батыр атамыз 1999 жылы парламент мәжілісінің сайлауы науқанында, мәжіліс депутаттығына үміткер, белгілі  ақын  бүгінде Қазақстан  жазушылар  одағының  төрағасы  Ұлықбек  Есдәулет ағамызға облыстық  сенімді өкіл ретінде келген. Ауылымыздағы киелі қара шаңырақ  Абай атындағы орта мектепте, мектеп ұжымы мен кездесу өткізген.

Қасым атамыздың осы Абай мектебіне келуі үлкен тарихи оқиға ретінде қалды .  Партизан ардагер атамыз, ұжым мен кездесуде болғанда : « Мен соғыстың   алдында  1938 ж  осы мектепте директор болғанмын» , - деп айтқан екен.

Осы жайтқа орай біздің  мақсатымыз,  атамыз айтқан деректі архифтен іздестіріп табу  және  демеушілер ұйымдастырып,  мектебімізде  Қасым ата атында пән бөлмесін жабдықтау .

Алапат қан майданның қаһарманы, қайсар тұлға Қасым атамызды еске алып, ол кісінің ауылымызда бірнеше рет болғандығы туралы айтқанда,  атамызды мен өз көзіммен көрген кез есіме түседі. Бұл мұғалім қызметін енді ғана бастаған алғашқы жылым болатын. 2001 жылы шілде айында Ақсуат ауылында Қаракерей  Қабанбай батырдың  310 жылдық мерейтойына арналған  аудандық  конференцияның   ереже талабынан  өтіп, осы жиынға қатыстым. Мәдениет үйінің  көрермен залы  салтанатты  түрде безендіріліп, көтеріңкі музыка ойнап, конференция басталған сәтте, аудан әкімі бүгінгі біздің құрметті қонағымыз  Қасым атамызға сөз берейік дегенде, ақ самайлы, үлкен көзді, сом денелі  кісінің, мінбеге келіп, көпшілікпен амандаса келе, Қабанбай  батыр жайында   дауыстап айтқан қатты дауысы  мен жалынды сөздері  бүкіл залды  жаңғыртып  жіберді. Залда отырған жүзден аса көрермен тым тырыс болып, барлығы батыр атаның  ерекше келбеті  мен  бітім  болмысына  тамсанды.  Міне бұл   қаһарман  Қасым Қайсенов  атамыз болатын. Биыл еліміздің әр жерінде Қасым атамыздың 100 жылдығы аталып  ол кісінің ерен ерліктері туралы  айтылғанда, есіме осы жайттар түседі.

пкпу

керек

Бұл сурет  1968 жылы мамырда  Ақжар ауылы  Шапатов Манап ата үйіне Қасым   атамыздың  келуі. Оңнан солға қарай :    Шапатов  Манап ата,  Дарабаева Қанипа  апа,  Қасым ата.

1999 жыл   Ақжар ауылы   Қасым  атамыздың  парламент мәжілісі депуттатығына сайлауға түсуші   Ұлықбек  Есдәулет  ағамызға  облыстық  сенімді  өкіл  болып  келуі  . Әрімбек Масаловтың    шаңырағында.  

Суретте :    Ортада отырған Қасым атамыз .  Оңнан  солға  қарай  тұрғандар :  екінші   ақын  Ұлықбек Есдәулетов ,   үшінші  Шәріпхан Халықов  -  Ақжар ауылы әкімі,  бесінші  Серік Тыныбаев  - аудандық  Тарбағатай  нұры  газетінің редакторы, алтыншы  ақын , аудандық сенімді  өкіл  Әрімбек Масалов.

ауца

ШҚО Тарбағатай ауданы  
Ақжар ауылы   Абай атындағы  
орта  мектептегі тарих пәнінің мұғалімі 
Қабидолдин   Қуаныш  Тілеуханұлы

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір