• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 10:41:03
Алматы
+35°

27 Желтоқсан, 2016 NEWS

Ту-154 ұшағының апатқа ұшырағанын көзбен көрген куәгердің әңгімесі

Сочи қаласында апатқа ұшыраған Ту-154 ұшағының құлағанын көрген кәугер ұшақтың «біртүрлі» жерге қонып жатқанын көргендігі жайлы жағалаудағы шекара...

Сочи қаласында апатқа ұшыраған Ту-154 ұшағының құлағанын көрген кәугер ұшақтың «біртүрлі» жерге қонып жатқанын көргендігі жайлы жағалаудағы шекара қызметкерлеріне баяндап берді деп хабарлайды gazeta.ru, мәліметтің қазақша нұсқасын «Қамшы» порталы оқырман назарына ұсынады.

Эксперттердің айтуынша, ұшақтың апатқа ұшырау себебі – пилоттың қателігінен болуы әбден мүмкін. Апат салдарының бұл нұсқасы шындыққа жақын болып тұр.

Куәгердің айтуынша, Ту-154 ұшағы теңіздің үстінен өтіп бара жатқанында, биіктікке көтерілудің орнынан ол төмендей берген, Қара теңізге барып қона салататындай көрінген. Жағалау әскерлерінің бірі «Куәгердің ұшақ аса жоғары жылдамдықпен жоғарыға көтерілмеді деген сөзі күмәнді естілді» деп айтып өтті. Ту-154 ұшағының сол кездегі жағдайын куәгер артқы дөңгелегімен тұрған мотоциклге теңеді.

Сонымен қатар, ұшақ судың бетін жалап өтті де, тұмсығымен кіріп, лезде батып кеткен.

Алдыңғы деректерде, Ту-154 ұшағындағы экипаж командирі ұшақты теңіздің үстіне қондырмақшы болғаны жайлы айтылған.

Ұшақ жолының картасы және оның апатқа ұшыраған тұсы
 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір