• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 07:43:04
Алматы
+35°

28 Желтоқсан, 2016 NEWS

Ту-154 ұшағындағы экипаждардың соңғы сөздері

Қара теңізге құлаған Ту-154 ұшағындағы экипаж мүшелерінің соңғы сөздері мәлім болды деп хабарлайды www.kp.ru, мәліметтің қазақша нұсқасын «Қамшы» порталы оқырман назарына ұсынады.

Ұшақтағы өзіндігінен жазып отыратын «қара жәшік» деп аталатын құрылғы Қара теңіздің астынан 1600 метр тереңдіктен табылған. Оны 27 желтоқсан күні «Фалкон» деп аталатын су асты роботы тапқан.

Бірнеше сағат бұрын «қара жәшік» Мәскеу қаласындағы Ғылыми-Техникалық университетке жеткізілген. Қызғылт сары түсті құрылғының шеті  соғылған екен. Алайда, құрылғыны ашып, ішіндегі дыбысты тыңдаған кезде лайнердің кабинетіндегі дауыстар анық естіліп тұр:

- ...Жылдамдық 300... (Түсініксіз.)

- (Түсініксіз.)

-Командир, тіреулерді алдым.

- (Түсініксіз.)

- Ух, е-мое!

(Қатты дыбыс шығады.)

- Жалғасқанатша, (...)!

- Биіктікті өлшеу құрылғысы!

- Бізге... (Түсініксіз.)

(Жерге жақындау қауіптілігін ескертетін дыбыс)

- (Түсініксіз.)

- Командир, біз құлап бара жатырмыз!

Ұшақта орналасқан екінші қара жәшік Орталық ғылыми зерттеу институтына жеткізілмеген және оның қашан тексерілетіні белгісіз, tengrinews.kz

Эксперттердің  айтуынша, егер жалғасқанатшада (закрылки) ақау болса, онда оны басқару мүмкін емес. 

Жалғасқанатша – ұшақ қанатындағы ұшқан сәтті және қонған сәттегі күшті басқаратын құрылғы.

Ту-154 ұшағындағы ұшқыштардың бірі - Роман Волков

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір