• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 14:42:28
Алматы
+35°

11 Қазан, 2018

Түймебаев қаралы күнде концерт өткізуге тыйым салды

Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтардан, өнерпаздардан түсіністік танытуларын сұранамыз.

10 қазан күні Түркістан қаласында «Арыс жағасында» ретро-фестивалі өтуі тиіс болатын. Қазақстанның Халық жазушысы, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаның қайтыс болуына байланысты бұл концерт кейінге шегерілді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

 Биыл тоғызыншы рет қолға алынған өнер мерекесі Түркістанда тұңғыш рет өткелі тұрған. Еліміздің әр өңірінен келген белгілі өнер жұлдыздары мен ұжымдары, түсірілім топтары да концертке дайын еді. Ұлт қайраткерінің қазасына байланысты Түркістан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев осындай шешім қабылдады.   

"Түркістан қаласының тұрғындары мен қонақтардан, өнерпаздардан түсіністік танытуларын сұранамыз. Ретро-фестивальдің қашан өтетіні туралы алдын ала хабарланады" деп жазады Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

 

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір