Тұйыққа тірелген тергеу ісінің артында түріктер тұр ма?

Тұйыққа тірелген тергеу ісінің артында түріктер тұр ма?
Ⓒqamshy.kz

Таяуда Ресейдің Тергеу комитеті Ресей Әуе-ғарыш күштерінің подполковнигі, Су-24М бомбалаушы-ұшқышы Олег Пешков пен 810-жеке бригадасының теңіз жаяу әскері десанты Александр Позыничтің өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша тергеудің әлі де жалғасып жатқаны жайлы хабарлады.

Анығына келсек, әскери қызметкерлер 2015 жылдың 24 қарашасында Сирияда қаза тапқан. Бұл сыртта қаза тапқан алғашқы ресейлік әскерилер еді. Осыған байланысты тергеу комитеті Сирияның тоғыз азаматын айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулы шығарды. Айып тағылғандардың барлығы заңсыз құрылған  қарулы жасақтың мүшелері. Оларға адам өміріне қастандық жасау, Пешковтың мәйітін жәбірлеу, қару-жарақ, оқ-дәрі мен жеке заттарды ұрлау бойынша айып тағылып отыр.

«Жоғарыда көрсетілген тұлғаларға халықаралық іздеу салынып,  сот оларды қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасын сырттай тағайындап қойды. Осы кезеңде ресейлік әскери қызметкерлердің өміріне қастандық жасау қылмысына қатысы бар басқа сыбайластарды анықтау және әшкерелеуге бағытталған тиісті тергеу және жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр»,─ деп хабарлайды Ресейдің Тергеу томитеті.

Естеріңізге сала кетсек, 2015 жылдың 24 қарашасында түріктің 6 жойғыш ұшағы ресейлік Су-24М бомбалаушы ұшағын атып түсірді. Ондағы экипаж командир Олег Пешков пен капитан-штурман Константин Мурахтиннен құрылған болатын. Екі ұшқыш та секіріп үлгерген.

Содан кейінгі оқиғаға назар аударар болсақ, Пешковты жауынгерлер атып өлтіреді, ал Мурахтин аман-есен жерге түскеннен кейін ресейлік әскерилер мен «Хезболла» жауынгерлерінен құрылған іздеу-құтқару командасы эвакуациялайды. Алайда осы миссия кезінде Ми-8 тікұшағы қирады. Соның салдарынан мойын тұсынан жараланған теңіз жаяу әскерінің жауынгері Александр Позынич көз жұмды.

Үш жылдан кейін...

Пешков пен Позыничтің қазасының үш жылдығына орай Тергеу комитетінің ұсынған ақпараты алайда әлі де түсініксіз болып отыр, себебі Ресейдің әділ соты олардың өліміне қатысты ешкімді жауапқа тартқан жоқ. Әрине, тергеу ісін жүргізіп, нақтылауға  Латакияның солтүстігіндегі және Пешковтың ұшағы, кейіннен Позынычтың Ми-8 тікұшағы қираған сирия-түрік шекарасы ауданындағы аса тынышсыз жағдай шынымен кедергі келтірді. Бұл аумақ әлі күнге дейін жартылай заңсыз қаруланған түрікшіл жасақтың бақылауында тұр. Бұл оқиғадан кейін Мәскеу 2016 жылдың тамызында президент Реджеп Ердоғанның Петербургке сапарынан кейін Анкарамен біржола татуласты. Соған қарағанда, қылмыс орнын тексеруді ресейлік тергеушілер екі жыл бұрын тоқтатқан болуы да мүмкін. Оның үстіне Пешковты өлтіргендердің жеке басы – бұл көпшілікке белгілі сыр. Су-24М ұшағын түріктің F-16 жойғыш ұшағы қиратты. Есімін жария етпесе де, Анкара сол ұшқыштың аты-жөнін анық біледі.

Сәл бұрынырақ Ресей Қорғаныс министрлігі ресейлік бомбалаушы ұшақ «торуылдың құрбаны болды» деп сендірген, нақты айтсақ,  түрік ұшқышы Су-24М-ді аңдып тұрған. Зерттеу барысы көрсеткендей,  «тұтқиылдан жасалған шабуыл алдын-ала жоспарланып, ең жоғарғы деңгейде ұйымдастырылған» дегенді білдіреді. Демек, бұл жерде Түркия әскери-әуе күштері жоғары қолбасшылығының жекелеген өкілдерінің, мүмкін, тіпті, елдің саяси басқару өкілдерінің де осы қылмысқа қатысы бар секілді.

Аталған оқиға бойынша бар жауапкершілікті Түркияның қызметінен босатылған премьер-министрі Ахмет Давутоглу (28 тамыз 2014 жыл — 22 мамыр 2016 жыл) өз мойнына алды. 2015 жылдың 10 қазанында ол әскери-әуе күштеріне Сирия жақтан мемлекеттік шекараны бұзған барлық ұшақтарды атып түсіруге рұқсат беретін құжатқа қол қойыпты.

Соңғы екі жылда Ердоғанмен бауырласу процессі тоқтамағанына қарамастан, Ресей билігі түрік ұшқышын да, ӘӘК офицерлерін де, Давутоглуды да жауапкершілікке тартқан жоқ.  Анкара да бұған қатысты ләм-мим деген жоқ.

Алайда  2016 жылдың жазында түріктің әділ соты Пешковтың өліміне қатысы бар әскерилерді құрықтады. Алайда ӘӘК офицерлерін қамауға алуға себеп болған жағдай ресейлік ұшқыштардың өлімі емес екен. Әскерилер мемлекеттік төңкеріске қатысқаны үшін жауапқа тартылған.  Бірақ олардың тағдыры туралы ешқандай ақпарат жоқ.

Ақиқатына келсек,  Анкара қайғылы оқиғаға тікелей кінәлі адамдардан бөлек, Ресейге Пешковқа оқ жаудырып, артынан оның мәйітін жәбірлеген жауынгерді де бермей отыр. Бұл жерде күмәнді адам ретінде неофашистік, пантүріктік «Сұр қасқырлар» банда құрамасы басшыларының бірі Альпарслан Челик туралы айтылады. Ресейлік ұшқышты өлтіргеннен кейін ол парашюттың қалдықтарын көрсетіп, өзінің жеңісіне  масаттанып, бейнежазба түсірген.

2015 жылдың наурызында түрік билігі күдікті ретінде Челикті тұтқындады, ал 2017 жылдың мамырында оны бес жылға соттады. Алайда ұлтшыл-жауынгер мұндай мерзімді жазаға ұшқышты өлтіргені үшін емес, қару-жарақты заңсыз сақтағаны үшін кесілді.

Кінәлілерді табуға уәде еткен

Ал екінші ресейлік азамат   Позыничтің қазасына қатысты жағдайдың былығы бұдан да көп. Ресейдің іздеу-құтқару командасы отырған тікұшақты қандай топтасқан ұйымның атып түсіргені жөнінде Тергеу комитеті тіс жарған жоқ. Мүмкін, тағы сол баяғы «Сұр қасқырлар» немесе өзге радикалды топтың жауынгерлері болар. Олардың жеке басын Тергеу комитеті анықтап та қойған шығар. Тым болмағанда, Позыничтің қазасына байланысты оқиғада Ресейдің әділ соты жеңіп шығады деп үміттенейік. Бірақ тергеу ісінің неге көпке созылып кеткені түсініксіз.

Ресейдің Түркиядағы елшісі Андрей Карловтың өлімінің төңірегінде де түсініксіз жағдайлар көп. Оны 2016 жылы 19 желтоқсанда Анкараның музейінде 22 жастағы бұрынғы полицей Мевлют Алтынташ атып өлтіргенінен жұртшылық хабардар. Президент Ердоған бұл қылмысқа Фетхуллах Гүленннің FETO ұйымын «тапсырыс беруші» деп айыптады.

Карловтың өліміне қатысты іс бойынша 28 күдікті айыпты деп танылып отыр, осы іске қатысты 8 адам тұтқындалған, оның тең жартысы қызметінен босатылған түрік полицейлері. Бірақ ресейлік құқық қорғау органдары қылмыстық өндірісті әлі де жалғастырып жатқанға ұқсайды. Ал әңгіменің нобайына келсек, осы қылмысқа «FETO ұйымының қатысы бар» деп Анкараның айтқан нұсқасы сарапшылардың көпшілігіне жасанды болып көрініп отырғаны жасырын емес.  Алайда Мәскеу саяси себептерге байланысты түрік билігінің айыптауын жанама түрде осылай қолдап отырған сияқты көрінеді. Негізі Кремль Карловты өлтіру татуласу процесіне кедергі келтіруге бағытталған деп сендіруге тырысуда.

Міне көріп отырғанымыздай, үш тергеуге қатысты  Ресей билігінің позициясы уақыт өткен сайын әлсірей түсуде. Ресей азаматтары қандай да бір  қайғылы жағдайға душар болғанда, ресми Мәскеу кінәлілерді жазалауға уәде еткені белгілі.  Бірақ бұл мәлімдемелер сол кезде ашық айтылғанымен, қазіргі жағдай күн өткен сайын тұманданып, тұйыққа тіреліп бара жатқандай...

Азамат Сержан

 

 

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


  • 1 ай бұрын

    Бұлар сыртта қаза тапқан алғашқы орыс әскерилері емес, одан бұрын Украинаның Донбасында коздері құртылды орыс басқыншыларының!!!!

    1
    Мақпал Мыса. Жүрек түбіндегі жаңғырық (сұхбат)
    17/02 16:59 0 148
    2
    HEALTH EXPO-2019» көрмесі: Медицина саласындағы мүмкіндіктер жүзеге асады
    16/02 23:20 0 151
    3
    Сексен төрттегі тарихи жеңіс!
    16/02 14:08 0 1865
    Әбу Наср әл-Фарабидің «Қайырымды қаласы» дұрыс зерттелді ме?
    16/02 13:42 0 361
    Адамдық мінбеден түсіп қап, Әйтеуір биіктеп барамыз
    16/02 10:42 1 413

    Таныстырылғандар

    "Неге әлі жоқ?" Назарбаева елде жаңа министрлік ашуды ұсынды
    "Неге әлі жоқ?" Назарбаева елде жаңа министрлік ашуды ұсынды
    "Неге әлі жоқ?" Назарбаева елде жаңа министрлік ашуды ұсынды
    Назарбаеваның айтуынша, елімізде түйіні шешілмей тұрған мәселелердің бірі – сауда саласы екен.
    Аудио тыңдау
    08/02/2019 16:18 0 5269
    Назарбаев Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны ратификациялады
    Назарбаев Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны ратификациялады
    Назарбаев Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны ратификациялады
    Мемлекет басшысы "Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
    Аудио тыңдау
    08/02/2019 17:38 0 554
    Көпбалалы ана атану  мақтанышқа айналар күнге де жетерміз...
    Көпбалалы ана атану мақтанышқа айналар күнге де жетерміз...
    Көпбалалы ана атану мақтанышқа айналар күнге де жетерміз...
    Ананы құрметтеу - өз анаңды қадірлеу екенін ұмытпайықшы,
    Аудио тыңдау
    11/02/2019 10:50 0 394
    Азат Перуашев: Әбілқасымова үлкен қателік жасады
    Азат Перуашев: Әбілқасымова үлкен қателік жасады
    Азат Перуашев: Әбілқасымова үлкен қателік жасады
    Ата-ана шарасыздықтан барып отыр мұндай қадамға. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі неге көп балалы...
    Аудио тыңдау
    11/02/2019 15:54 0 13517
    Президентіңіз арыстан ба, түлкі ме?
    Президентіңіз арыстан ба, түлкі ме?
    Президентіңіз арыстан ба, түлкі ме?
    Билік тағына жайғасқандар неге одан тұрғысы келмейді? Сол отырғанмен мол отырады...
    Аудио тыңдау
    11/02/2019 17:05 2 4172
    Шоқан Сыздықұлы: «Қара майор» туралы екі кітап жақында жарыққа шығады
    Шоқан Сыздықұлы: «Қара майор» туралы екі кітап жақында жарыққа шығады
    Шоқан Сыздықұлы: «Қара майор» туралы екі кітап жақында жарыққа шығады
    Қайтыс болды, ер батыр!
    Аудио тыңдау
    12/02/2019 11:28 0 590
    Гүлшат Маммедова: «Аса құрметті  қамқоршым! Бәрі де Сіздің арқаңызда... (видео)
    Гүлшат Маммедова: «Аса құрметті  қамқоршым! Бәрі де Сіздің арқаңызда... (видео)
    Гүлшат Маммедова: «Аса құрметті  қамқоршым! Бәрі де Сіздің арқаңызда... (видео)
    Ұзақ билікте отырған адамның көзін шел басады.
    Аудио тыңдау
    12/02/2019 15:13 0 2481
    Несие аларда назар аударарлық 3 пункт
    Несие аларда назар аударарлық 3 пункт
    Несие аларда назар аударарлық 3 пункт
    Несиені банктер бізге тиімді жолмен рәсімдеп жүр ме? Несие алғанда нені ескеруіміз керек? Банктерге алданбас үшін нені білуіміз қажет?
    Аудио тыңдау
    12/02/2019 15:58 0 5488
    Мәртебелі биігіне көтерілген қара шаңырақ
    Мәртебелі биігіне көтерілген қара шаңырақ
    Мәртебелі биігіне көтерілген қара шаңырақ
    Унивeрcитeт тoлығымeн хaлықaрaлық cтaндaрттaрғa жaуaп бeрeтін білім бaғдaрлaмacынa көшкeн.
    12/02/2019 17:08 0 184
    Джордж Сорос: ЕуроОдақ  Кеңес Одағы сияқты ыдырап кетуі мүмкін
    Джордж Сорос: ЕуроОдақ  Кеңес Одағы сияқты ыдырап кетуі мүмкін
    Джордж Сорос: ЕуроОдақ  Кеңес Одағы сияқты ыдырап кетуі мүмкін
    Соростың өзіне де сын айтушылар қазір жетерлік.
    Аудио тыңдау
    13/02/2019 15:35 0 419
    Елбасы «100 есім» жобасының екінші кезең жеңімпаздарымен кездесті
    Елбасы «100 есім» жобасының екінші кезең жеңімпаздарымен кездесті
    Елбасы «100 есім» жобасының екінші кезең жеңімпаздарымен кездесті
    Естеріңізге сала кетсек, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасына үміткерлерден өтінім қабылдау өткен жылдың қыркүйегінде басталды.
    Аудио тыңдау
    13/02/2019 18:00 0 231
    Тоқсан жасына дейін тақтан түспеген мемлекет басшылары
    Тоқсан жасына дейін тақтан түспеген мемлекет басшылары
    Тоқсан жасына дейін тақтан түспеген мемлекет басшылары
    Мемлекет басқару жасқа қарамайды.
    Аудио тыңдау
    15/02/2019 00:13 1 1198
    Көп балалы ана: Алтын алқамды ломбардқа өткізейін десем, ешбірі де алмайды
    Көп балалы ана: Алтын алқамды ломбардқа өткізейін десем, ешбірі де алмайды
    Көп балалы ана: Алтын алқамды ломбардқа өткізейін десем, ешбірі де алмайды
    Билікке әлеуметтік жағдайларын жақсартып, баспанамен қамтамасыз ету талабын қойған астаналық көп балалы әйелдер өздеріне қысым жасалғанына шағымданады
    Аудио тыңдау
    15/02/2019 11:24 0 5640
    Трамптың денсаулығында кінәрат жоқ: салмағы –108 келі, бойы – 180 см, қан қысымы–122/74
    Трамптың денсаулығында кінәрат жоқ: салмағы –108 келі, бойы – 180 см, қан қысымы–122/74
    Трамптың денсаулығында кінәрат жоқ: салмағы –108 келі, бойы – 180 см, қан қысымы–122/74
    «Құдай оны осылай жаратқан!».
    Аудио тыңдау
    15/02/2019 13:42 0 265
    Алматыдағы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасында көпбалалы аналармен кездесу өтті
    Алматыдағы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасында көпбалалы аналармен кездесу өтті
    Алматыдағы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасында көпбалалы аналармен кездесу өтті
    Басқосуда көпбалалы аналардың мәселелерін шешу жайы талқыланды
    15/02/2019 19:14 0 116