• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 16:24:21
+35°

01 Ақпан, 2017 NEWS

Тұрсынғали Алагөзов: Мен Баян секілді әйелді өмірімде кездестірмеппін

Баян Есентаеваның сүйіктісі тойға дайындығы жайлы және Қазақстандағы танымал әйелдердің бірін қалай ұнатып қалғандығын айтып берді деп хабарлайды

Баян Есентаеваның сүйіктісі тойға дайындығы жайлы және Қазақстандағы танымал әйелдердің бірін қалай ұнатып қалғандығын айтып берді деп хабарлайды informburo.kz, мәліметтің қазақша нұсқасын «Қамшы» порталы оқырман назарына ұсынады.

– Баян Есентаевамен қалай таныстыңыз?

– Мен оны осыншалықты танымал деп ойлаған жоқпын. Әл-Фараби көшесінде тұратынмын, бір күні Баянның суреті тұрған баннерді көрдім, ол бір шампуньның жарнамасы болатын. Сол жерден үнемі өткен сайын қарап өтетінмін. Неткен әдемі әйел деп ойлап жүрдім. Мен ол кезде жергілікті шығармашылыққа аса қызықпайтын едім, Қазақстандық эстрадамен аса таныс емес едім. Бір күні Баянмен танысқанымда, оның тегі таныс естілді, алайда оның соншалықты танымал екенін білмейді екенмін. Біз өткен жылдың наурыз айында жұмыс бабымен танысқанбыз. Ол кезде мен «Аналар үйіндегі» мәселелер жайлы деректі фильм түсіріп жүрген болатынмын. Сөйтсем, дәл осындай мазмұнда жұмыс істеп жүрген режиссер бар екен. Мен киноиндустриядан аса хабарым болмағандықтан тәжірибесі мол адамнан кеңес сұрауға мәжбүр болдым. Осылай танысып кеттік.

– Бірден ғашық болдыңыз ба? Баянның қандай қылығы сізді тәнті етті?

Бұл сұрақ артық деп ойлаймын. Мен оған жұмыс бабымен барғанмын. Бізбен бірге жұмыс істеп жүрген режиссердің есімін атаған кезімде «Мен сізге ешқандай да кеңес бере алмаймын. Себебі ол адаммен біз бір цехта жұмыс істейміз. Егер сізге кеңес беріп жүргенімді естісе, адамдар жаман ойлап қалуы мүмкін», - деп жауап берді. Біздің алғашқы танысуымыз осылай болды. Маған ол өте білімді әйел болып көрінді. Ол барлығын жан-жақты ойлап, әр қадамын аңдап басатын адам.

–Оған ғашық екеніңізді қалай түсіндіңіз?

– Мен Баян секілді әйелді ешқашан да кездестірмеппін, ол өте қызық адам, керемет тұлға. Ол мені нағыз әйелге тән қылығымен, ерекше харизмасымен ынтықтырды.

– Кез келген қарым-қатынаста инициатор болады, сіздерде ол кім?

– Әрине, мен. Баян өзі алдымен сезімін білдірді деп айтпаймын ғой енді, - деп күлді кәсіпкер. – Бұл, әрине, қалжың.

– Баянның өмірінде өте қайғылы оқиға болды. Мұндай жағдайдан соң жаңа қарым-қатынас орнату, әдетте, қиын. Бұл қиындыққа қалай төтеп бересіздер?

– Егер Баянның танымалдылығы болмаса, қазіргі таңда ажырасып жатқан отбасылар өте көп. Бұл нәрсенің маған еш қатысы жоқ деп айта алмаймын. Дегенмен, осындай оқиғаның орын алғаны өте өкінішті. Балалары, туған-туыстары – бәрі де алаңдаулы. Бұл өте күрделі де эмоцияға толы кезең.

– Баянға тұрмысқа шығуға қалай ұсыныс жасадыңыз және тойларыңызды қалай жасамақ ниеттесіз?

– Біз 16 жастағы жеткіншектер емеспіз. Бұл сұраққа кейінірек жауап береміз.

– Яғни, асыра сілтеушілік болмайды ғой, иә?

– Біз бүкіл елге шоу ұйымдастырамыз, тікұшақтар ұшып жүреді, - деп күлді Турсенғали. – Қалжыңдап отырмын, әрине. Тек өзіміздің ойымыздан шығатындай етіп жасаймыз. Тойдың мәселесі өте қиын деп ойлаймын, біз Баян екеуміз барлығын ақылдасып шешеміз. Сол себепті де, дәл қазіргі таңда бұл жай ғана неке болады ма әлде келісілген неке болады ма – осы жайында ойланып жүрміз. Өйткені, біз екеуміз де орта жастағы адамдармыз. Бұл мәселені барынша ақылға салып, оң шешім қабылдай алуға екеуіміздің де ақылымыз жеткілікті болуы керек және де басқа адамдарды ренжітпеудің жолын қарастыруымыз қажет. Бұл – өте маңызды. Тым артық кетер болсақ, адамдар бізге ренжіп қалады.

– Баян Есентаева халықтың назарында жүріп, камераларға біраз ілігіп үйреніп қалған. Ал сіз соңғы кездері тым көп талқыға түстіңіз, сізге елдің назары ерекше ауды. Өзіңізді қалай сезіндіңіз?

– Иә, шынымен де үйреншікті жағдай емес. Мен үшін бұл үлкен жаңалық секілді болды, алайда маған бұл мүлдем ұнамады. Осы уақытқа дейін елдің назарына ілігіп көрген емеспін.

Аударған: Назерке Лабихан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір