• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 23:46:57
Алматы
+35°

23 Сәуір, 2019 Спорт

Тұрсынбай Құлахмет Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды (видео)

Тағы екі қазақ боксшысы қарсыластарын жеңіп, жартылай финалға өтті.

Қазақстандық боксшы Тұрсынбай Құлахмет Бангкокте өтіп жатқан Азия чемпионатының 1/2 финалына жолдама алды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Prosports.kz сайтына сілтеме жасап.

75 кг дейін салмақта сынға түскен жерлесіміз өзбекстандық боксшы Исраил Мадримовтен басым түсті. 

Сонымен қатар, Қазақстандық тағы бір боксшы Закир Сафиуллин 60 кг дейін салмақта сынға түсіп, қытайлық боксшы Цзюнь Шаньды қапыда қалдырған болатын. Сөйтіп, Закир де жартылай финалға өтті. 

Және 2016 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Василий Левит ширек финалда Ирак елінің боксшысы Саади Мохаммед Рабеамен кездесті. Кездесу барлық раундқа созылып, Левиттің пайдасына шешілді. Осылайша, 31 жастағы Василий Левит те турнирдің жартылай финалына өтті.

Кешкі сессияда (17:00) тағы екі боксшымыз жұдырықтасады.

69 келі салмақта: Асланбек Шымбергенов (Қазақстан) - Бобо-Усмон Батуров (Өзбекстан)

+91 келісалмақта: Қамшыбек Қоңқабаев (Қазақстан) - Одай Альхивдави (Иордания)

Еске салайық, кеше 2019 жылғы Азия чемпионатының жартылай финалына үш боксшымыз жолдама алды: Теміртас Жүсіпов (49), Санатәлі Төлтаев (64) және Бек Нұрмағанбет (81). Ал Қайрат Ералиев (56) 1/4 финалда жеңілді.

Ұсынған: Мақпал Сембай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір