• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 13:42:36
Алматы
+35°

02 Қазан, 2018 NEWS

Тұрсын Байтайұлымен қоштасу рәсімі Ғ.Мүсірепов театрында өтеді

Марқұммен қоштасу рәсімі Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында 3 қазан күні, сағат 10:00-де өтеді.

Театр және кино актері Тұрсын Құралиевтің дүниеден озғанын хабарлаған едік. Марқұммен қоштасу рәсімі Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында 3 қазан күні, сағат 10:00-де өтеді.  

Актер көп жылдар бойы талмай еңбек еткен Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театры Тұрсын Құралиев туралы естелік жариялады. 

Театрдың аға буын актеры, арамыздағы ардақ тұтар ақсақалымыз, ҚР-ның еңбек сіңірген артисі, «Құрмет» орденінің иегеріТұрсын ҚҰРАЛИЕВ ағамыз бүгін, яғни, 2 қазан күні 68 жасында кенеттен бақилық болды.

1950 жылдың 6 қаңтарында Жамбыл облысында дүниеге келген Тұрсын аға алғаш еңбек жолын 1967 жылы Москвадағы М.С.Щепкин атындағы Өнер училищесіне оқуға түсуден, оны 1972 жылы ойдағыдай тәмамдаған ол Жезқазған  қаласына барып, облыстық театрдың ашылуына атсалысып, онда екі-үш жылдай еңбек етіп, 1976 жылдан бастап балалар мен жасөспірімдер театрына келіп, мұнда 42 жыл бойы үздіксіз еңбек етіпті.   

        1976 жылдан бастап, осы театрда үзбей қызмет етіп келе жатқан артист осы жылдар ішінде театр сахнасында 100-ге тарта  рөлдер сомдапты. Актер қай кезде болса да, театр сахнасындағы өз жеткен биігінен төмендеп көрген емес. Оның өнері әрдайым даму үстінде театр көрермендерін қуантып келді.    Ол шығармашылығын шыңдап, ел сенімін одан әрі ақтау үдесінде шаршамай-шалдықпай күні бүгінге дейін еңбек етті. Театр сахнасындағы артистік өнерімен көрермен қауымды тәнті етіп,  биік шыңдардан көріне білген Т.Құралиевтың театр сахнасындағы аталған  шығармашылық еңбектерінің алар орны ерекше.

        Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген артисі,  «Құрмет» орденінің иегері, Уфа қаласында өткен Халықаралық театрлар фестивалінің «Аталар дәстүріне құрмет» сыйлығының лауреаты, театр және кино актеры – Тұрсын Байтайұлының жарқын бейнесі жадымызда мәңгі сақталады. Иманыңыз саламат болсын, жақсы аға!      

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір