• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 21:52:43
Алматы
+35°

23 Қаңтар, 2017 NEWS

Тұрмысқа шыққан 8 жасар қыз неке түнінен кейін оянған жоқ

Йеменде сегіз жасар қыздың алғашқы неке түні қайғылы аяқталды. Ол алған жарақаттарынан тіл тартпай кеткен, деп хабарлайды 

Йеменде сегіз жасар қыздың алғашқы неке түні қайғылы аяқталды. Ол алған жарақаттарынан тіл тартпай кеткен, деп хабарлайды nur.kz

Йеменде кәмелетке толмаған қыздардың өзінен әлдеқайда үлкен азаматтарға тұрмысқа шығуы әдеттегі жағдай. Мұндағы барлық қыздардың төрттен бірі жасы 15-ке келмей жатып некелерін қиюға мәжбүр.

Жақсы қалың мал үшін қызын егде жастағы азаматқа сатып жіберген отбасы оның қазасына куә болды. Сегіз жасар қыз бала алғашқы неке түнінен алған жарақаттардан көз жұмған.

2010 жылы да ерте тұрмысқа шыққан қыз бала қайтыс болған еді. 12 жасар жеткіншек күйеуінен жүкті болып, емханаға түседі. Үш күн бойы босана алмай қиналған жеткіншек құрсағындағы баласымен бірге бақилық болған.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір