• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 09:29:31
Алматы
+35°

24 Қазан, 2018 NEWS

Түрмедегі жазасын өтеушілер Сәпиев және Головкинмен кездестіруді сұраған

Іс-шараның мақсаты – жазасын өтеушілерге қолдау, олардың әлеуметтік белсенділігін арттыру, ортаға бейімдеу және жұмысқа орналастыру.

Футболдан Қазақстан құрамасының бұрынғы капитаны Қайрат Нұрдәулетов пен джиу-джитсу бойынша әлемнің қола жүлдегері Гүлжан Алтынбекова жазасын өтеушілермен кездесті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Астана жастары» КММ қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен бірлесіп «Өмірлік қиын жағдайға тап болған әлеуметтік жағынан қорғалмаған санаттағы жастарды қолдауға бағытталған профилактикалық іс-шаралар» жобасы аясында танымал спортшылар 166/5 түрмесінде отырған жазасын өтеушілермен кездесті.

«Бұл кездесу жазасын өтеушілерге қолдау білдіріп, қоғамның бір бөлшегі екендігін түсіндіруге арналды. Бізде осындай жеті кездесу жоспарланған. Сондай-ақ, жазасын өтеушілермен кескіндеме сабағын өткізу жоспарда бар. Қайрат Нұрдәулетов жексенбіде жазасын өтеушілермен бірге футбол ойнауға келісті. Олар келесі кездесуге Серік Сәпиев пен Геннадий Головкинді шақыруды сұрады. Оларға атақты споршылармен сөйлесу қызықты», – деді «Астана жастары» КММ-нің ди⁠ректоры Үкібай Нұрпейісов.  

Кездесу барысында спортшылар жарыстарға қалай дайындалатындарын және әлемдік жарыстарда Қазақстан атынан сайысқа түсудің жауапкершілігін айтты.  «Жазасын өтеушілерге әкімдік жақсы көңіл бөлуде. Ал қоғам қайраткерлерінің олармен кездесуі оларға жігер береді. Негізінен жазасын өтеушілерге арнап спорттық секциялар ашылса жақсы, өйткені спорт адамның тек физикалық тұрғыда емес және рухани дамуына да ықпал етеді», – дейді Гүлжан Накипова.

Іс-шараның мақсаты – жазасын өтеушілерге қолдау, олардың әлеуметтік белсенділігін арттыру, ортаға бейімдеу және жұмысқа орналастыру.

«Олар қоғамның бір бөлігі. Жазасын өтеп болған соң біздің орталықтан көмек сұраса болады. Егер арнайы білімі болмаса дайындық курсынан өтіп жұмысқа тұра алады. Жазасын өтеп келгендер қоғамнан қалыс қалмауы керек, бізде оларға арналған бағдарлама бар», – деді Ү. Нұрпейісов.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір