• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 21:29:07
Алматы
+35°

18 Қазан, 2018 Саясат

Түрлі түсті төңкеріс жасамағаны үшін Мәскеуде Кәрімовке ескерткіш қойылды

Алайда РЛДП өкілдері петицияға қол жинап, әуре-сарсаңға түссе де ойланғандары іске аспады, ескерткіш ешнәрсеге қарамастан бой көтерді.

14-і мен 15-і күні аралығында яғни түн ауған шақта Якиманка муниципалды аймағының саябағында Өзбекстанның тұңғыш президенті, 78 жасында инсульттен көз жұмған Ислам Кәрімовтің құрметіне ескерткіш бой көтеріпті. «Радио Свободаның» хабарлауынша, бүгін ескерткіштің ресми ашылуы болыпты. Аталмыш БАҚ тілшілерінің айтуынша, ескерткіштің ашылу рәсімі қатаң бақылау жағдайында яғни қарулы күштердің демеуімен өтті. Төртінші билік өкілдері журналистер қауымын ұйымдастырушылар тек тізім бойынша ғана тексеріп кіргізген. Іс-шарада Ресей мен Өзбекстанның билік өкілдері бой көрсетіпті. Олар Кәрімовті беделі биік, асқақ тұлға деп сипаттама берді. Және де олар Кәрімов өз елінде түрлі түсті төңкерістің орын алуына тосқауыл болғандығын ерекше атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, Якиманканың мәскеулік аймағының депутаттары аталмыш ескерткіш тұрғызылуына қарсылық танытқан болатын.

♦Ресейліктер Ислам Каримов ескерткішін орнатуға қарсылық көрсетуде (видео)

Олар мұны Кәрімовтің Өзбекстанда тұратын орыс тілді тұрғындарға агрессия танытқандығымен түсіндірді. Алайда РЛДП өкілдері петицияға қол жинап, әуре-сарсаңға түссе де ойланғандары іске аспады, ескерткіш ешнәрсеге қарамастан бой көтерді.

Ал марқұм Кәрімовтің өз Отанында Кәрімовке деген ой-көзқарас басқаша.

♦Өзбекстан арналарына Кәрімовтың атын атауға тыйым салынды

Каримов

Zhazira Baidaly

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір