• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 09:11:35
Алматы
+35°

17 Сәуір, 2017 NEWS

Түркиядағы референдумда президенттік басқару жүйесінің жақтастары жеңіске жетті

Ел Конституциясына өзгерістер енгізу бойынша 16 сәуір күні өткен референдумдағы дауыс санау жұмыстары аяқталды. Президенттік басқару жүйесін енгізуді...

Ел Конституциясына өзгерістер енгізу бойынша 16 сәуір күні өткен референдумдағы дауыс санау жұмыстары аяқталды. Президенттік басқару жүйесін енгізуді жақтаушылар жеңіске жетті, деп хабарлайды Қамшы ақпараттық агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Дегенмен президенттік басқару жүйесін қолдушылар мен оған қарсылардың арасындағы айырмашылық аса үлкен емес. Небәрі 1,25 млн сайлаушы (51,3 процент 48,7 процентке қарсы).

Түркияның Орталық сайлау комиссиясының басшысы Сади Гювеннің мәлімдеуінше, дауыстарды санау жұмыстары аяқталуға таяу. Алда небәрі 600-ге жуық бюллетеньдерді өңдеу ғана қалды. Осылайша, референдумның нәтижесі осы кезден-ақ белгілі деп айтуға болады.

«Бюллетеньдерді өңдеу шараларының алдын ала нәтижелері референдумда «иә» деп дауыс бергендер саны 1,25 млн-ға көп болды, барлығы 24,5 млн. Дауыс беру қорытындылары «иә» деп отыр. Толық қорытынды нәтижелер кемінде 11-12 күннен соң белгілі болады»,-деді Гювень.

Түркия президенті Таийп Ердоған премьер-министр Бинали Йылдырымды және елдің басты заңына өзгеріс енгізуді қолдаушы партия өкілдерін референдумдағы жеңістерімен телефон арқылы құттықтады.

Бұл туралы Түркия көшбасшысының әкімшілігіндегі дереккөз хабарлады. «Президент референдумдағы жеңісімен Әділет және даму партиясының төрағасын, премьер-министр Бинали Йылдырымды, Ұлттық қозғалыс партиясының басшысы Девлет Бахчели мен Ұлы бірлік партиясының төрағасы Мустафа Дестиджиді құттықтады. Ол дауыс беру қорытындыларына байланысты түрік халқына бақыт тіледі»,-деді әкімшілік өкілі.

Аталған үш партия сайлау науқаны кезінде біріге отырып, түзетулерді насихаттады. Осы уақытта бюллетеньдердің 98 пайызы өңделді. Алдын ала мәліметтер бойынша, дауыс берушілердің 51,3 проценті Түркияда президенттік билікті енгізу жөніндегі түзетулерді қолдады.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір