• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 16:55:14
Алматы
+35°

13 Желтоқсан, 2017 Әлеумет

Түркияда Хизмет қозғалысын жақтаушыларды отбасымен өлтіруді ұсынды

Халықаралық құқыққорғау ұйымдарының баяндамаларында күдіктілерге қатысты азаптау фактілері туралы жиі айтылды.

2016 жылдың шілдесінен бастап Түркияда болған төңкерістен кейін түрмеде, қамауда болған 60-қа жуық адам бүгінге дейін анықталмаған себептермен көз жұмды. Кемінде 10 адам ұрланды. Қазіргі уақытта тергеу изоляторларында 17 мың әйел мен 700 бала отыр. Бұл туралы Open news порталы хабарлады. 

Халықаралық құқыққорғау ұйымдарының баяндамаларында күдіктілерге қатысты азаптау фактілері туралы жиі айтылды. Жағдайдың ушығып кеткеніне, әрі күрделілігіне қарамастан биліктің сойылын соғатын журналистер Джем Кучук пен Фуат Угур мұның жеткіліксіз екенін айтты. Олар тергеуден бас тартқандардың отасын өлтіру керек деген ұсыныс тастады. Ал айыптыларды орамалдармен тұншықтырып, түбінде өз-өздеріне қол жұмсады дегенге келтіру керек дейді. 

Бұл туралы журналистер TGRT Haber арнасындағы бағдарлама барысында мәлімдеді. Олар прокурорлардың «жеткілікті түрде жұмыс істемейтіндерін» сынап, Хизмет қозғалысын жақтаушыларға қатысты қатаң жаза қолдануға шақырды. Өз сөзінде Кучук қандай шаралар қолдануға болатыны жайлы ойлану керектігін айтты. «17-25 желтоқсанға қатысы полицейлер Ресей мен Израильде тұратын болса, оларды өлім күтер еді. Біз өзін-өзі өлтіру үшін жасалған жаппай қырып-жою әрекетіне куә болар едік. Оларды аяудың қажеті жоқ!» - деді Джем Кучук.

Журналист тіпті Моссад қолданған ондай техниканың бірінен мысал да келтірді. «Арнайы қызметкерлер өздеріне жұмыс істеудан бас тартқан палестиналық отбасылардың мүшелерін бір-бірден өлтіріп отырған», - деді Кучук.

«Ондай болса, нені күтемі?з», - деп әріптесінің сөзін қостады Фуат Угур. Геноцидтік әрекетті өзінің де қолдайтынын білдірді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір