Түркологияның терең білгірі еді...

Түркологияның терең білгірі еді...
Ⓒqamshy.kz collage

Қазақ руханияты орны толмас қазаға ұшырады. 15 желтоқсан күні 80-ге қараған шағында көрнекті түркітанушы ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, профессор Әжібай Керімұлы дүниеден озды.

Әжібай Керімұлы 1939 жылы 1 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысының Созақ ауданындағы Жыныс елді мекенінде дүниеге келген.  1967 жылы Алматыдағы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітіреді. 1967-1969 жылдары Созақ ауданына қарасты Жамбыл атындағы орта мектепте қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен сабақ береді. 1969-1972 жылдары ҚазКСР Ғылым академиясының Тіл білімі институтында аға лаборант, кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс істейді. 1972-1975 жылдары осында аспирант болады. 1976-1980 жылдары аталған институттың түркітану және қазақ тілі тарихы бөлімінде кіші ғылыми қызметкері ретінде еңбек етеді. 1980 жылғы 15-ақпанда кандидаттық диссертация қорғайды. Сол жылы өзі бітірген Қазақ мемлекеттік университеттің (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) Жалпы тіл білімі кафедрасына доценттік қызметке шақырылады. 1993 жылдан 2000 жылға дейін Қазақ ауылшаруашылық институтындағы қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі, ал 2000 жылдан 2002 жылға дейін Қазақ мемлекеттік аграрлық университетіндегі қазақ және орыс тілдері кафедрасында доценттік қызмет атқарады. 2002 жылдан 2014 жылға дейін Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті жанындағы Түркология ғылыми-зерттеу институтында жетекші ғылыми қызметкер болды.

Ә. Керімұлы шығармашылық жолын мақала, очерк жазудан бастаған ғалым. «Жығасы жығылды» тіркесіндегі «жыға» сөзінің төркіні туралы жазылған алғашқы мақаласы «Жұлдыз» журналының 1972 жылғы №8-санында басылды. Көптеген мақалалары «Қазақстан мектебі» (1972, №2), «Қазақстан әйелдері» (1983, №10) журналдарында, ғылыми басылымдарда және «Ана тілі» газетінде жарияланды.

1973 жылы Ә. Керімұлын Әмір Нәжіпке шәкірт етіп, Мәскеуге жібереді. Ә. Нәжіп шәкіртіне «Ескі түркі ескерткіштері тіліндегі сөз жасайтын жұрнақтар (ХІV ғасыр)» деген тақырып беріп, ойдағыдай қорғатады. Ә. Керімұлының бұл еңбегі Әмір Нәжіптің редакторлығымен қазақ (2005 ж.) және орыс (2009 ж.) тілдерінде зерттеу еңбек ретінде жеке-жеке кітап болып, жарық көреді.

Диссертация қорғағаннан кейінгі жерде ғалым тіл тарихы мәселесімен, оның ішінде, XI-XIV ғасырларда жазылған ескерткіштердің қазақ тіліне қатысы туралы мәселемен айналысып келді. І. Кеңесбаевпен бірге жазған ««Мухаббат-наме» ескерткішіндегі қазақ тіліне қатысты кей элементтер жайында» деп аталатын мақаласы 1981 жылы шыққан «Қазақ әдеби тілінің қалыптасу тарихы мен даму жолдары» жинағында жарияланды. Әр жылдары әртүрлі ғылыми басылымдарда жарық көрген «Алтын Орда аймағында жазылған ескерткіштер», «Қ.А. Ясауи хикметтерінің зерттелу тарихынан», «Сүлеймен Бақырғани мұрасының зерттелуі», ««Нәһжул-фәрадис» жәдігерінің зерттелуі мен тілі туралы қысқаша мағлұматтар», ««Құтадғу білік» жәдігерінің зерттелуі мен тілі туралы қысқаша мағлұматтар» деп аталатын мақалалары өз алдына бір шоғыр. Ә. Нәжіп, І. Кеңесбаев, Н. Катанов сынды әйгілі түркітанушылардың өмірі мен еңбегі туралы да мақалалар жазды. Ә. Нәжіп, А. Байтұрсынов, Н. Катанов туралы жазған мақалалары ағылшын тіліне аударылып «Түркі әлемінің тарихи тұлғалары» (Түркістан, 2009) деген жинақта жарияланды. Бас-аяғы, Әжібай Керімұлының 80-нен астам мақалалары жарық көрді.

«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында басылып шыққан М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты тарапынан шыққан «Әдеби жәдігерлер» атты серия бойынша 20 томдық басылымдардың құрамындағы Сәйф Сарайидің «Гүлстан бит-түрки» («Түркіше Гүлстан») шығармасы мен Құтыбтың «Хұсрау мен Шырын» дастанын қарастырып, қазақ тіліндегі ғылыми аудармасын жасап берді. Осы құнды әдеби ескерткіштің мейлінше түпнұсқаға жақындатылған қазақша нұсқасымен қатар ғылыми түсініктемесі, сөздігі, әдеби жәдігер мәтінінің факсимилесі де берілді.

Ғалым Халықаралық Түркі академиясы жобасы аясында  2017 жылы көрнекті түркітанушы Ә. Нәжіптің ұзақ жылдар бойы қолжазба күйінде жарияланбаған  «Историко-сравнительный словарь тюркских языков ХIV века» деген 4 томдық іргелі еңбегін жарыққа шығарып, ұстазының аманатын орындап, аса қажырлы еңбек етті.

Әжібай Керімұлы өз саласының бірегей маманы, зерттеуші ғалымы ретінде бұл ісін өмірінің аяғына дейін жалғастырып келді.

Аяулы әріптесіміздің ауыр қазасына қабырғамыз қайыса тұрып, марқұмның отбасы мен ағайын-туғандарына қайғырып көңіл айтамыз. Ғалымның ақжарқын да кішіпейіл мінезі, табандылығы мен еңбекқұмарлығы, түркі мұрасын шексіз сүйген кіршіксіз адал сезімі ұрпақтарға мәңгі үлгі болады.

Әжібай Керімұлы өз саласының бірегей маманы, зерттеуші ғалымы ретінде бұл ісін өмірінің аяғына дейін жалғастырып келді.

Аяулы әріптесіміздің ауыр қазасына қабырғамыз қайыса тұрып, марқұмның отбасы мен ағайын-туғандарына қайғырып көңіл айтамыз.

Берікбай Сағындықұлы,

Әл-Фараби атындағы Қаз ҰУ-дың профессоры,

филология ғылымдарының докторы.

«Қамшы» сілтейді

Пікір айту

Пікір қалдырушының тіркелуі міндетті. КІРУ / ТІРКЕЛУ


    1
    Оқушылардың жағдайы қалыпты, іс қатаң бақылауға алынды
    23/01 00:04 0 84
    2
    Әлімғазы Райымбеков, қазақтың Тайлағы: Ұят болса да ата дәстүрге қарсы шықтым
    22/01 16:51 0 1518
    3
    Бозымбаев бензиннің неге арзандап жатқанын түсіндірді
    22/01 16:37 0 277
    Жәнібек Әлімханұлы үш мықтыға сес көрсетті
    22/01 16:20 0 1950
    Қазақстан Венесуэланың кебін кие ме?
    22/01 14:53 0 553

    Таныстырылғандар

    Қазақстандық өнер жұлдыздарының арасында "Өнер барысы" атты сайысы өткізіледі
    Қазақстандық өнер жұлдыздарының арасында "Өнер барысы" атты сайысы өткізіледі
    Қазақстандық өнер жұлдыздарының арасында "Өнер барысы" атты сайысы өткізіледі
    Ұйымдастырушылардың деректеріне сүйенсек, аталмыш сайыс биылғы жылдың наурызына жоспарланып отыр.
    Аудио тыңдау
    12/01/2019 13:03 0 2972
    Алматыда теракт жасамақшы болған содырлар құрықталды
    Алматыда теракт жасамақшы болған содырлар құрықталды
    Алматыда теракт жасамақшы болған содырлар құрықталды
    ҚР ҰҚК 10 қаңтар күні өткізілген арнайы операцияның видеосын жариялады
    Аудио тыңдау
    14/01/2019 11:15 0 1450
    Ет жесең экология, айран ішсең атмосфера ластанады: Қазаққа қайтпек керек?
    Ет жесең экология, айран ішсең атмосфера ластанады: Қазаққа қайтпек керек?
    Ет жесең экология, айран ішсең атмосфера ластанады: Қазаққа қайтпек керек?
    Атмосфераны улайтын зиянды қалдықтарды ең көп бөлетін қой мен сиыр еті және ет өнімдерінің өндірісі екен.
    Аудио тыңдау
    15/01/2019 03:32 0 2972
    Ақырзаман жайлы жантүршігерлік 7 жайт
    Ақырзаман жайлы жантүршігерлік 7 жайт
    Ақырзаман жайлы жантүршігерлік 7 жайт
    Адамзаттың ақырына ақыл жетуі мүмкін.
    Аудио тыңдау
    15/01/2019 12:20 0 6383
    Сеул бес күнде көк түтіннен  сейілді, ал Алматы лас ауаның құшағында әлі тұр...
    Сеул бес күнде көк түтіннен сейілді, ал Алматы лас ауаның құшағында әлі тұр...
    Сеул бес күнде көк түтіннен сейілді, ал Алматы лас ауаның құшағында әлі тұр...
    Таза ауаның бастығы жемқор болса керек, Алматын әлі лас ауаның құшағына көміліп тұр.
    Аудио тыңдау
    15/01/2019 20:22 0 2177
    «Қыз алып қашу» операциясы немесе «Басып әкетілген» бақыттылар
    «Қыз алып қашу» операциясы немесе «Басып әкетілген» бақыттылар
    «Қыз алып қашу» операциясы немесе «Басып әкетілген» бақыттылар
    "Қыз алып" қашу мен "зорлықпен қыз алып қашуды шатастырмайық.
    Аудио тыңдау
    16/01/2019 12:32 0 931
    Ауыз қуысы арқылы анықталған айғақ: Гитлердің cүйегі қайда?
    Ауыз қуысы арқылы анықталған айғақ: Гитлердің cүйегі қайда?
    Ауыз қуысы арқылы анықталған айғақ: Гитлердің cүйегі қайда?
    Гитлер мен Ева Браунның жерленген мәйітінің күлге айналған барлық қалдықтары 70-жылдары Юрий Андроповтың тікелей тапсырмасымен Бидериц өзеніне жіберіледі.
    Аудио тыңдау
    17/01/2019 12:19 0 3868
    Карнегиден кеңес: Танымал психологтың бойыңыздағы мазасыздықты жоюға арналған қағидалары
    Карнегиден кеңес: Танымал психологтың бойыңыздағы мазасыздықты жоюға арналған қағидалары
    Карнегиден кеңес: Танымал психологтың бойыңыздағы мазасыздықты жоюға арналған қағидалары
    Мазасыздықты жеңудің жолы – жағдайды толық саралау
    Аудио тыңдау
    17/01/2019 16:09 0 2181
    Аты белгісіз авторлар: Брежневтің кітаптарын кім жазған?
    Аты белгісіз авторлар: Брежневтің кітаптарын кім жазған?
    Аты белгісіз авторлар: Брежневтің кітаптарын кім жазған?
    Леонид Брежневтің қауырт кезеңде ел басқара жүріп, кітап жазуға уақыты болмағаны түсінікті.
    Аудио тыңдау
    18/01/2019 15:30 0 3436
    Сауалнама: Орыстардың негізгі тағамы – арақ пен борщ
    Сауалнама: Орыстардың негізгі тағамы – арақ пен борщ
    Сауалнама: Орыстардың негізгі тағамы – арақ пен борщ
    Сауалнама қорытындысы қандай дейсіз ғой?
    Аудио тыңдау
    18/01/2019 15:34 0 912
    Қазақстандықтар 11  айда шетелге $7 млрд аударған
    Қазақстандықтар 11 айда шетелге $7 млрд аударған
    Қазақстандықтар 11 айда шетелге $7 млрд аударған
    Ал келіп түсетіні 2 миллиардқа да жетпейді.
    Аудио тыңдау
    19/01/2019 11:28 0 614
    "Жеріміз қоқысқа айналмай тұрғанда Финляндиядан үлгі алайық!"
    "Жеріміз қоқысқа айналмай тұрғанда Финляндиядан үлгі алайық!"
    "Жеріміз қоқысқа айналмай тұрғанда Финляндиядан үлгі алайық!"
    Финляндия мемлекетті қоқыстардан тазартуға және оны лайықты пайдалануға тырысады.
    Аудио тыңдау
    19/01/2019 12:50 0 1014
    Әлемге әйгілі ғалым жаңалығы үшін өлім жазасына кесілуі мүмкін
    Әлемге әйгілі ғалым жаңалығы үшін өлім жазасына кесілуі мүмкін
    Әлемге әйгілі ғалым жаңалығы үшін өлім жазасына кесілуі мүмкін
    Хе Дзянкуйдің өзі бұл тәжірибені адамзаттың игілігі мен гендік инженерияның дамуы үшін жүргізгенін айтты.
    Аудио тыңдау
    21/01/2019 17:17 1 989
    Мектеп директоры орамал дауынан әбден қажып, қызметінен кетуге мәжбүр болған
    Мектеп директоры орамал дауынан әбден қажып, қызметінен кетуге мәжбүр болған
    Мектеп директоры орамал дауынан әбден қажып, қызметінен кетуге мәжбүр болған
    Тағы екі ата-анаға бес АЕК-ке тең айыппұл салынды.
    Аудио тыңдау
    22/01/2019 10:39 0 272
    Беларусь оппозициясы: Ресей бізді жұтып қояды
    Беларусь оппозициясы: Ресей бізді жұтып қояды
    Беларусь оппозициясы: Ресей бізді жұтып қояды
    Мұндай қадам орын алған жағдайда Ресей Белоруссияны жұтып қояды.
    Аудио тыңдау
    22/01/2019 12:23 0 421