• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 21:04:07
Алматы
+35°

20 Маусым, 2018 Аймақтар

Түркістанның облыс орталығына айналуы – тарихи әділеттілік — Құлбек Ергөбек

Тарихи әділеттіліктің орнағанына мен қуанамын. Соны жүзеге асырған Елбасына шексіз ризамыз, - деді профессор Құлбек Ергөбек.

Түркістанның облысқа айналуы, облыс орталығына айналуы – тарихи әділеттіліктің қалпына келтірілуі. Бұл Халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры Құлбек Ергөбектің пікірі, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

— Түркістан – көне дәуірде де, орта ғасырларда да өз дәуірінің астанасы болған жәдігер шаһар.  Қазақ хандығының тұсында үш ғасырға жуық хандықтың  астанасы болған.  Патшалық Ресейдің кезінде де уәлаяттың кіндігіне айналған болатын. Кеңестік дәуір кезінде Түркістан жүдеді, аяққа тасталды десе де болады, сол жылдары тарихи әіділеттілік жойылды. Біздің Тұңғыш тарихи президентіміз сол олқылықты жойып, Түркістан қаласын Түркістан облысының орталығына айналдырды, - деді Құлбек Ергөбек. 

— Тарихи әділеттіліктің орнағанына мен қуанамын. Соны жүзеге асырған Елбасына шексіз ризамыз, - дейді профессор Құлбек Ергөбек.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір