• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 14:22:33
Алматы
+35°

23 Шілде, 2018 Аймақтар

Түркістандық  оқушылардың 95 пайызы демалыс шараларымен қамтылады

Түлкібас ауданындағы «Самал» лагерінде облыстағы  бес балалар үйінің  350-ге жуық тәрбиеленушілері жаз бойы демалады.

 

Түркістан облысында жазғы  кезеңде балалар мен жасөспірімдердің демалысынжәне сауықтырылуын тиімді ұйымдастыру  мақсатында қала сыртында 24 лагерь мен  905 мектеп жанындағы лагерь жұмыс жасауда.

Бүгінгі таңда 4 аусыммен баланы қабылдап жатқан қала сыртындағы лагерлерде 15 мыңнан астам бала сауықтырылды. Ал 17 мыңға жуық бала шілде, тамыз айларында аталған лагерлерде демалдыру жоспарланған. Бұдан бөлек, 905 мектеп жанындағы лагерде 193 мыңнан астам оқушы жазғы уақытын тиімді өткізген. Бұл өңірдегі оқушылардың 32,2 пайызын құрайды.      

Сонымен қатар, Түлкібас ауданындағы «Самал» лагерінде облыстағы  бес балалар үйінің  350-ге жуық тәрбиеленушілері жаз бойы демалады.

Бұған қоса, жаз бойы балалардыэкскурсия, саяхатқаапару жұмысы жалғасын табуда. Мәселен, республикалық өлкетану акциясы аясында 200 бала маусым, шілде айларында «Астана – менің Отанымның елордасы» атты әлеуметтік жоба  негізінде Астана қаласына саяхатқа жіберілді. Ал, туған елдің мәдениеті мен тарихын неғұрлым терең зерделеу, тарихи орындардың алуан түрлілігі мен ерекшеліктері туралы білім алу мақсатында шілде айының  2-9 аралығында облыстан 70 оқушы Қостанай облысы Арқалық қаласына саяхатқа барып қайтты. Сонымен қатар, өңірдің  тарихи мұражайларына саяхат жасау мақсатында «Облыс тарихы» атты үш күндік керуен-шеруі  акциясы өткізіліп, оған облысымыздан аз қамтылған отбасылардан шыққан 150 оқушы қатыстырылды.

      Биылғы жаз мезгілінде оқушыларды барлық сауықтыру және демалыс шараларының түрлерімен қамту 95-ға пайызға жетпек.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір