• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 04:10:02
+35°

05 Қараша, 2018 Аймақтар

Түркістанда "Нұр Отан" партиясының кезекті ХХХV конференциясы өтті

Өз кезегінде Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов Жолдаудың негізгі басымдықтары туралы пікірін айтты

Түркістан қаласында «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының кезекті ХХХV конференциясы өтті. Басқосуға «Нұр Отан» партиясының Хатшысы Қ.Жұмашев, облыс әкімі Ж.Түймебаев, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Н.Жолдасов, облыстық мәслихат хатшысы Қ.Балабиев, партия филиалының саяси кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.
 
Жиында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау шаралары, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы Саяси кеңесі мен бақылау-тексеру комиссиясының 2017-2018 жылдары атқарған жұмыстары сараланды.
 
Аймақ басшысы Жансейіт Түймебаев өз баяндамасында Мемлекет басшысының Жолдауда жүктеген тапсырмаларын орындауға байланысты өңірде атқарылып жатқан бірқатар шаруаларға тоқталды.
Өз кезегінде Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов Жолдаудың негізгі басымдықтары туралы пікірін айтты.
 
«Мемлекет басшысының 2019 жылды «Жастар жылы» деп жариялауы мен педагогтар мәртебесі туралы қабылданатын жаңа Заң халық арасында үлкен қолдауға ие болып отыр. Өйткені, Елбасының биылғы Жолдауы бүкіл қазақстандықтардың сапалы өмір сүруіне негіз бола алады. Ардагерлер ұйымы Президент қойған міндеттерді халыққа түсіндіріп, оның нақты жүзеге асуына барынша атсалысатынын айтқым келеді», – деді Ж.Мәуленқұлов.
 
Сондай-ақ, жиын барысында Саяси кеңес құрамына өзгерістер енгізіліп, партиялық бақылау-тексеру комиссиясының құрамы қайта сайланды.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір