• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 16:44:37
Алматы
+35°

21 Наурыз, 2019 NEWS

Түркістанда да Назарбаев даңғылы пайда болды

Кеше Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс ХХХIII сессиясы өтті

Кеше Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс ХХХIII сессиясы өтті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Онда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында Тұңғыш Президенттің есімін мәңгілікке қалдыру үшін облыс орталықтарындағы негізгі көшелердің бірін Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен атау туралы бастамасы қаралды. Сессия шешімі бойынша  облыс орталығындағы Арбат даңғылына Нұрсұлтан Назарбаев есімі берілу туралы ұсыныс айтылып, ол депутаттар тарапынан қолдау тапты.

Түркістан қаласындағы ірі көшелердің бірі – Арбат даңғылына Нұрсұлтан Назарбаевтың есімі берілді.  

Бұл даңғыл Бекзат Саттарханов даңғылының қиылысынан бастап, Тәуке хан даңғылы мен Нәзір Төреқұлов көшесінің қиылысына дейінгі аралықты қамтиды.

Айта кетейік, 2018  жылдың маусым айында Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Қазақстан облысын Түркістан облысы деп қайта құру туралы Жарлық шығарған болатын. Бүгінгі таңда Түркістан қаласы облыс орталығы ретінде қарқынды түрде дамып келеді. Қалада ауқымды құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ұсынған: Назерке Лабихан

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір