• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Сәуір, 00:51:23
Алматы
+35°

17 Мамыр, 2019 NEWS

Түркістан қаласы шығыстық үлгіде жаңарады

Қазір кесененің жанында жаяу жүргіншілер аллеясының құрылысы басталды...

Түркістан қаласында бой түзейтін ғимараттардың барлығы шығыстық үлгіде салынатын болады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Түркістан облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпаратына сүйеніп. 

Түркістан облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі

Кесененің маңайы абаттандырылып, көркейту жұмыстары қолға алынды.  Қазір кесененің жанында жаяу жүргіншілер аллеясының құрылысы басталды. Тұңғыш Президент есімімен аталатын даңғыл, яғни жаяу жүргіншілер аллеясының құрылысы – осы өңірдің тарихи құндылықтары ескеріле отырып, шығыстық үлгіде жүргізілетін болады.

Түркістан облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі

Жалпы көлемі – 12.9 гектар аумақты құрайтын алаң толығымен реконструкциядан өтеді. Оның ішінде жаяу жүргіншілерге арналған аллея, велосипедшілер мен электрлі машиналарға арналған жолдар, қарқынды көгалдандыру, субұрқақтар кешені, ауызсу бұрқақтары жасалатын болады. Қазіргі таңда бұл аумақтың құрылысын «ВAZIS-A» компаниясы жүргізіп жатыр.

Ұсынған: Маржан Сәбет

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір