• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 22:22:30
Алматы
+35°

10 Қыркүйек, 2018 Оқиғалар

Түркістан облысында атыс болып, бір адам қайтыс болды

Оқиға орнына жеткен полицейлер тұтынушыларын бөлісе алмағандары үшін сөзге келіп, соңы атысқа дейін ұласқанын анықтады.

Түркістан облысы Шардара ауданындағы ауылдардың бірінде фермашылардың арасында болған түсініспеушіліктің соңы атысқа дейін апарды. Бұл туралы облыстық ІІД хабарлады.

2018 жылы 7 қыркүйекте Шардара аудандық ІІБ-не ауылдардың бірінде атыс төбелес болды деген хабар келіп түсті.

«Оқиға орнына жеткен полицейлер тұтынушыларын бөлісе алмағандары үшін сөзге келіп, соңы атысқа дейін ұласқанын анықтады. Нәтижесінде бір адам қайтыс болды. Ал екеуі түрлі жарақаттармен ауруханаға түседі. Аталмыш факт ҚР ҚК «Адам өлімі» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді», - делінген ведомствода.

Жедел-іздестіру қызметі Түркістан облысының екі тұрғынын ұстады. Бірінің қолында аң аулауға арналған қару болған. Адам өлімі бойынша тергеу жұмыстары басталды.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір