• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 13:56:39
Алматы
+35°

07 Қараша, 2018 Аймақтар

Түркістан облысында 54 мың адам жұмыспен қамтылған

Түркістан облысында Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасы аясында биыл 65 мың адамды жұмыспен қамту жоспарлануда

Түркістан облысында Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасы аясында биыл 65 мың адамды жұмыспен қамту жоспарланса, ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша нақты 54 мың адам жұмысқа орналасқан.  Бүгін бұл туралы Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Мұхит Отаршиев мәлімдеді. Аталған бағдарлама 3 бағыт бойынша жүзеге асырылады. Мәселен, техникалық және қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен қамтамасыз етуге 7953 адам оқуға жолданған.
 
«Әр ауылға өз шебері» акциясы бойынша 2600 азамат оқуға жіберіліп, Оның ішінде оқуды аяқтаған 2 мың адамның 1200-і немесе 63 пайызы тұрақты жұмысқа орналасқан. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасына сәйкес, ұлттық қолөнер шеберлері, ұлттық тағамдарды әзірлеу аспазшысы, суретші, кескіндемеші мамандықтары және дәнді дақылдарды өндеу, агротехникалық мамандықтар бойынша 2 мың адам білім алуда. Оның 1400-і оқуды аяқтап, 1 мың адам тұрақты жұмысқа орналасқан», - деді Мұхит Баймұханбетұлы.
 
Жаппай  кәсіпкерлікті дамыту бағыты бойынша «Бастау-Бизнес» жобасы аясында оқытуға 1730 адам оқуға жолданып, тиісті сертификаттарын алған. Сертификат алған 215 маман 1,1 млрд. теңге көлемінде шағын несиемен қамтамасыз етілді. Шағын несиемен қамтамасыз етуге жоспарланған 792 адамның 543-і  2,3 млрд. теңге көлемінде шағын несие алып, нәтижесінде 842 жаңа жұмыс орны құрылды.
 
Басқарма тарапынан халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту шеңберінде 43700 адамға қызмет көрсетіліп, нәтижесінде өңірдегі жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,2 пайыз, жастар арасындағы жұмыссыздық 4,4 пайыз көлемінде болып отыр.
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір